Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-84-88

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада ауыл шаруашылығындағы инновациялық қызметтің негіздері, оның ұйымдық-экономикалық мәні, даму алғышарттары мен ерекшеліктері қарастырылады. Ауыл шаруашылығында инновациялық үдерісті қалыптастыру мен дамытудың негізгі ерекшеліктері атап көрсетіледі. Инновацияларды әзірлеу және енгізу мәселесі, ауыл шаруашылығы өндірісін жаңарту, техникалық және технологиялық жабдықтау мәселелері жалпы елдің экономикалық дамуының өзекті және басты бағыттарының бірі болып қала береді. Әлемдік тәжірибе зерделей келсек, инновациялық үдерістер, әдетте, тек ынталандырылып қана қоймай, тиісті саясатты қалыптастыру және инновациялық қызметті жоспарлы ұйымдастыру жолымен мемлекет тарапынан реттелетінін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері, ауыл шаруашылығының инновациялық өнімінің көлемі, инновациялар типтері бойынша инновацияларды жүзеге асыруға арналған шығындар, инновациялары бар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны талданады. Ауыл шаруашылығы ғылымының ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерінің интеграциясы инновациялық агротехнологияларды қалыптастыру мен коммерцияландырудың тиімділігін арттыруға, аумағымызда перспективалы шетелдік агротехнологияларды алуға және оларды қазақстандық жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеді. Ауыл шаруашылық ғылымының ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерінің келіспеушілігін барынша азайтуға үлкен мән беріледі. Агротехнопарктер сияқты ғылыми ойларды, аграрлық ғылымның технологиялары мен әдістерін өндіріске интеграциялауды жетілдіретін ұйымдар құру қажеттілігі негізделеді. Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын көтеру техника мен ғылым жетістіктерін енгізу арқылы агроөнеркәсіптік өндірісті жаңғыртуға бағытталған осы саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту негізінде ғана мүмкін болатындығы айтылады.

Авторлар туралы

С. К. Қапышева
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан


М. Ж. Каменова
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан


Б. Т. Аймурзина
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Янгибоев Х.Б. Особенности инновационных процессов в развитии сельского хозяйства // Инновационная экономика: перспективы развития и совершенствования. - 2016. - № 3(13). - С. 177.

2. Мамуров Д.Э. К вопросу методов поддержки инновационной деятельности // Journal of Economy and Business, vol. 10-2 (56), 2019, 41 p.

3. Ерыгина Л.В., Орлова К.В. Субъекты инновационной деятельности // Вестник СибГАУ. - 2016. - Том 17. - № 4. - С. 1114.

4. Программа по развитию агропромышленного комплекса «Агробизнес-2020»: //http//strategy 2050.kz.

5. Статистические данные за 2019 год. [Электронный ресурс]. - Режим доступа: //http//www.stat.gov.kz.

6. Заболоцкая В.В. Государственная финансовая поддержка инновационной деятельности малого и среднего предпринимательства за рубежом // Финансы и кредит. - 2015. - № 28. - С. 31.

7. Федоренко В.Ф., Буклагин Д.С., Аронов Э.Л. Инновационная деятельность в АПК: состояние, проблемы, перспективы: науч. издание - М.: ФГНУ «Росинформагротех», 2010. - 280 с.

8. Дуненкова Е.Н., Бухарова М.М. Зарубежный опыт формирования инновационной инфраструктуры // Вестник Государственного университета управления. - 2012. - № 11. - С. 36.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қапышева С.К., Каменова М.Ж., Аймурзина Б.Т. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):84-88. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-84-88

For citation:


Kapysheva S.K., Kamenova M.Zh., Aymurzina B.T. Development of innovative entrepreneurship in agriculture of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):84-88. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-84-88

Қараулар: 986


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)