Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қарағанды облысының еңбек нарығының жағдайын талдау

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-123-128

Толық мәтін:

Аңдатпа

Аймақтық еңбек нарығы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетеді. Оның теңгерімділігі аймақтың экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қызметкерлердің табысы, қоғамның тұрақтылығы еңбек нарығының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты. Аймақтық еңбек нарығы аймақ халқының жұмыспен қамту серпініндегі, оның негізгі құрылымдарындағы негізгі үрдістерді, жұмыс күшінің ұтқырлығын, жұмыссыздық деңгейін көрсетеді. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында білікті мамандарға деген қажеттілік айтарлықтай өсуде. Жұмыс күшінің сапа мәселелері көптеген компаниялар үшін ғана емес, тұтас өңірлер үшін де шешілмеген мәселе болып қалып отыр. Кадр әлеуетінің ағымдағы дамуы еңбек нарығын өңірлік дамытудың құрылымдық моделіне сәйкес келмейді. Осы жағдай еңбек нарығын жаңғыртудың өзектілігін көрсетеді, сондықтан,еңбек нарығының жағдайын талдау талап етіледі. Жеке аймақ мысалында тақырыпты зерттеу аймақтың жұмыс істеу ерекшеліктері мен спецификалық жағдайларын ескере отырып, еңбек нарығының мәселелерін зерттеу қажеттілігімен негізделген, өйткені оларсыз еңбек нарығын реттеудің тиімді саясатын қалыптастыру мүмкін емес. Бұл мақалада Қарағанды облысының еңбек нарығының даму тенденциялары зерттелді. Жүргізілген талдау облыстың еңбек нарығының дамуына бірқатар теріс факторлар әсер ететінін көрсетті. Қарағанды облысының еңбек нарығын дамытудың оң үрдістері анықталды, аймақтық еңбек нарығында теріс құбылыстарды алдын алуға бағытталған ұсынымдар ұсынылды.

Автор туралы

Ж. Т. Хишауева
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Механизмы российского рынка труда / под ред. Е.Т. Гурвича и Е.С. Вакуленко. - М.: Издательский дом «Дело» РАНХиГС, 2016. - 560 с.

2. Современное состояние рынка труда в Казахстане: брошюра / под ред. З.К. Шаукеновой. - Астана: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2017. - 100 с.

3. Официальный сайт Комитета по статистике МНЭ РК: stat.gov.kz.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Хишауева Ж.Т. Қарағанды облысының еңбек нарығының жағдайын талдау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):123-128. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-123-128

For citation:


Khishauyeva Zh.T. The analysis of the labor market in Karaganda region. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):123-128. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-123-128

Қараулар: 839


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)