Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық технологиялар
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-134-140
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның қаржы нарығын цифрландыру процестері баяндалған. Авторлар банктік клиенттер мен нарықтың басқа қатысушылары үшін қашықтықтан қосылу тетіктерін дамытуды анықтайтын инновациялық қызметтер мен жаңа сандық қаржы құралдарын зерттеді. Қаржы нарығының қазіргі архитектурасына талдау жасалды және оны дамытуда қаржы техкомпанияларының рөлі анықталды. Авторлар fintech-шешімдерді осы немесе басқа түрде қолданатын Қазақстанның негізгі қаржы техкомпанияларына назар аударды. Мақалада «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Open API қаржылық платформасын іске асырудағы оң тәжірибесі сипатталған. Credit API клиентке бағытталған инновациялық өнімнің мазмұны ашылды. Авторлар Payment API қызметін ішкі нарықтың инфрақұрылымында пайдалануды перспективалы деп санайды, бұл қашықтықтан төлем жасау кезінде клиенттерге жаңа мүмкіндіктер береді. Нарықтың жаңа қатысушылары ретінде P2P-платформаларын қолданатын бизнес құрылымдар қарастырылады. Бұл платформалар инвесторға арнайы веб-сайт арқылы қашықтағы форматта жеке тұлғаға немесе бизнесті несиелеуге мүмкіндік береді. Мақалада коммуникациялық цифрлық ресурстар негізінде қаржылық инклюзивті дамыту мәселелері және қаржылық сауаттылықты арттырудың инновациялық түрлері баяндалған. Авторлар Қазақстанның цифрлық қаржылық инфрақұрылымының көрінісін ұсынды. Ынтымақтастық схемасы цифрлық қаржылық блоктарды дамытудың бес негізгі бағыттарының өзара әрекеттесуі негізінде құрылады, оларды біріктіру Open API және Smart Brigde арқылы жүзеге асырылады. Мақалада толық электрондық құжат айналымы форматын пайдалана отырып, реттеуші мен нарыққа қатысушылардың жоғары технологиялық өзара іс-қимылының және қаржы нарығының цифрлық реттеуішін құрудың қажеттілігі негізделеді.
Кілт сөздер
финансовый рынок,
цифровая инфраструктура,
финтехрешения,
P2P-кредитование,
цифровой регулятор,
финансовые инновации,
интернет-технологии,
қаржы нарығы,
қаржылық инфрақұрылым,
қаржылық-техникалық шешімдер,
P2P-несиелеу,
цифрлық реттеуші,
қаржылық инновациялар,
интернет-технологиялар,
financial market,
digital infrastructure,
fintech solutions,
P2P lending,
digital regulator,
financial innovations,
Internet technologies
Әдебиет тізімі
1. Что банкиры думают об онлайн-кредитовании: официальный сайт Казахстанской ассоциации ФинТех: https://kazfintech.kz.
2. Как необанки работают в Казахстане: https://nationalbank.kz; https://kapital.kz/finance/78237/kak-neobanki-rabotayut-v-kazakhstane.html.
3. Спецификация требований к разрабатываемому механизму удаленной идентификации клиентов: официальный сайт Казахстанского центра межбанковских расчетов Национального банка Республики Казахстан: http://www.kisc.kz.
4. Казахстанские банки, несмотря на кризис и карантин, сохраняют активную позицию: официальный сайт Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка: http://www.finreg.kz.
5. Каким видит ФинТех Нацбанк и АФР: https://www.lsm.kz/kazahstanskaya-cifrovaya-valyuta-i-drugoe-kakim-vidyat-finteh-nacbank-i-afr-v-budushem.
Қараулар: 1511