Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Корпоративтік табыс салығын оңтайландырудағы салық жоспарлауының рөлі мен маңыздылығы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-147-152

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі салықтық жоспарлаудың ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтар мен төлемдерді оңтайландыруға ықпал ететіндігімен анықталады. Салық міндеттемелерін оңтайландыру - бұл Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жеңілдіктер мен ережелерді қолдана отырып, салықтар мен төлемдерді азайтуға бағытталған кәсіпкерлік субъектілерінің шаралары. Салықтық жоспарлау кірісті арттыру және салықтық міндеттемелерді азайту сияқты мәселелерді шешуге бағытталған. Салық құрылымдары үшін есептік құжаттар мен салық есептілігін ашып, кәсіпорындар салықтар мен төлемдерді оңтайландыруға бағытталған. Ол үшін кәсіпкерлік субъектілері салықтық жоспарлауды қолданады, онда салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдалану негізінде салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы, оңтайландыру дегеніміз - жалпы жағдайды жақсартуға бағытталған кез келген іс-әрекет. Салық бөлігінде оңтайландыру салық көрсеткіштерінің үйлесуі және олардың негізінде салық міндеттемелері мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайын есептеуді жақсартуды көздейді. Салықтар мен төлемдерді, сондай-ақ салықтық жоспарлауды оңтайландыру құралдарының бірі салықтық есеп саясатын жасау болып табылады. Салық саясаты компанияның барлық салық ерекшеліктерін ашады, сонымен бірге салық құжаттарын ашуды қарастырады. Мақалада, сонымен қатар салықтық жоспарлаудың түрлері - стратегиялық және тактикалық сипаттамалары көрсетілген. Ұзақ мерзімді салықтар мен төлемдерді оңтайландыру үшін салықтық стратегиялық жоспарлау жасалуда. Салықтар мен төлемдердің нақты түрлері бойынша ағымдағы есеп беру уақытының жоспарын жасау тактикалық салықтық жоспарлаудың шаралар жиынтығын білдіреді. Салықтық жоспарлаудың негізгі мақсаты - салық міндеттемелерін оңтайландыру және кәсіпорындардың тиімділігін арттыру екенін атап өтілді.

Авторлар туралы

С. К. Барышева
«Тұран» университеті
Қазақстан


Ә. Ж. Досаева
«Тұран» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексі, 2017 жыл 25 желтоқсан № 121-VI (02.07.2020 ж. өзгерістер мен толықтырулармен): https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36148637.

2. Савицкая Г.В. Методика комплексного анализа хозяйственной деятельности: учеб. пособие. Четвертое издание. - М: ИНФРА-М, 2017. - 608 с.

3. Ганбарова У.М. Налоговое планирование и оптимизация налогообложения в организации в налоговом консультировании // Бенефициар. - 2017. - № 17. - С. 31-34: http://beneficiar-idp.ru/wp-content/uploads/v17.pdf.

4. Майбурова И.А., Иванова Ю.Б. Налоговый менеджмент. Продвинутый курс: учебник для магистрантов. - М: ЮНИТИ-ДАНА, 2014. - 559 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Барышева С.К., Досаева Ә.Ж. Корпоративтік табыс салығын оңтайландырудағы салық жоспарлауының рөлі мен маңыздылығы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):147-152. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-147-152

For citation:


Barysheva S.K., Dossayeva A.Zh. The role and significance of tax planning in corporate tax optimization. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):147-152. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-147-152

Қараулар: 996


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)