Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау бағдарламаларының әсерін бағалау

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-183-189

Толық мәтін:

Аңдатпа

Инновациялық кәсіпкерліктің түпкі мақсаты - қазіргі нарықтық жағдайға тез жауап бере алатын және жаңа буынның бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнімдердің сериялы өндірісін құру және әлемдік стандарттар деңгейінде сұраныстың артуына мүмкіндік беретін кәсіпорындарды дамыту. Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету мемлекет деңгейінде жүргізіледі. Қолдау бағдарламалары үш бағыттағы міндеттерді іске асыруға бағытталған: жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды жетілдіру, экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау. Барлық бағыттар экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, қолда бар және жаңа жұмыс орындарын құрудың кешенді міндеттерін шешеді. Инновациялық экономика мамандарды даярлау, ғылым саласындағы жүйелік реформаларды, жаңа идеяларды қолдауды, алдыңғы қатарлы технологиялардың трансфертін, венчурлық экожүйені құруды қажет етеді. Мемлекеттің инновациялық саясаты бизнеспен серіктестікте жүзеге асырылады. Қолдау шаралары олардың өзара міндеттемелерінің орындалуымен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік ынталандыру тетігі кәсіпорындардың экспортқа бағдарланған даму моделіне көшуін ынталандыратындай етіп жасалады. Бұл тетік сыртқы инвестицияларды тартуға және ұстап тұруға бағытталған. Өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша шаралар еліміздегі тауарлар мен қызметтердің стратегиялық бәсекелестігін дамытудың негізгі факторы болып табылады. Кәсіпорындардың инновациялық қызметін қаржыландыру ішкі және сыртқы көздер есебінен жүзеге асырылады. Ішкі қаржыландыруға кәсіпорын пайдасының бір бөлігін инновациялық мақсаттарға пайдалану кіреді. Қаржыландырудың бұл түрі меншікті ресурстардың шектеулі болуына байланысты шағын және орта бизнес үшін қолайлы емес. Қазақстандағы кәсіпорындарды қаржыландырудың ең көп таралған сыртқы көздері - бұл несиелік ресурстар, инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен тікелей бөлінетін қаржылар.

Авторлар туралы

М. С. Искакова
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қ.)
Қазақстан


А. А. Аманбаева
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қ.)
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстанда инновациялық кәсіпкерліктің дамуы: https://startinfo.kz/buisness/qazaqstanda-innov-kasip-damy/ (дата обращения: 19.06.2020).

2. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысы.

3. Инновациялық өнімдердің (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) ЖІӨ-дегі үлесі, % // Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің ресми сайты: www.stat.gov.kz.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Искакова М.С., Аманбаева А.А. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдау бағдарламаларының әсерін бағалау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):183-189. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-183-189

For citation:


Iskakova M.S., Imanbaeva A.A. EVALUATION OF THE INFLUENCE OF STATE SUPPORT PROGRAMS ON THE DEVELOPMENT OF INNOVATIVE ENTREPRENEURSHIP. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):183-189. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-183-189

Қараулар: 548


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)