Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Жергілікті мемлекеттік басқарудағы қоғамдық кеңестің рөлі

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-229-234

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі әлемде қоғамдық кеңестер әрбір құқықтық мемлекетте іс жүзінде бар. Олар мемлекеттің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамдық өмірдің түрлі нысандары мен салаларында құрылады. Негізінен кеңестер мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізуде, тәуелсіз бағалауда, қоғамдық бақылау жасауда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесінде, халықтың пікірін білдіруде өз өкілеттіктерін кеңінен іске асырады. «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда кеңестер азаматтардың сындарлы сұрауларына ден қоюдың жедел және тиімді рөлін атқарады. Кеңестер мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының буыны болып табылады, өйткені мемлекеттік аппараттағы функционалдық проблемалар көп жағдайда азаматтар мен жергілікті билік арасында кері байланыстың жоқтығынан. Мақала қоғамдық кеңестердің идеологиялық негізін бюрократизациялайтын және құнсыздандыратын бірқатар проблемалардың болуын көрсететін «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңының практикалық болмысын, оны қабылдаған сәттен бастап баяндайды. Сонымен қатар, практика мемлекет пен қоғам арасында диалог құруға оң әсер еткен, сондай-ақ қоғамға орындауға міндетті нормативтік рәсімдер әсер етпейтін нақты нәтижелерді көрсетеді. Бүгінгі күні кеңестерде жинақталған бірқатар проблемалық сәттер, функциялардың қайталануы, уәждеменің болмауы, заңнаманың орындалмауы және басқалары, белгілі бір шаралар қабылдауды талап етеді. Осыған дейін тиісті заңды қабылдау сәтінде Қазақстанның практикалық тәжірибесінің болмауы, бар шетелдік практикаларды талдау жеткіліксіздігі және заңнамадағы жол берілген олқылықтар болды. Аталған және басқа да проблемаларды шешу, сондай-ақ кеңестер жұмысын жаңа қағидат бойынша құру мемлекеттің халық алдындағы ашықтығы мен жауапкершілігін арттыра отырып, басқа ұйымдардың тиімділігіне де ықпал етеді.

Автор туралы

Ғ. О. Спабеков
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Список литературы

2. Закон Республики Казахстан «Об общественных советах»: http://adilet.zan.kz/rus (дата обращения: 20.03.2020).

3. Бюджетный кодекс Республики Казахстан: http://adilet.zan.kz/rus (дата обращения: 20.03.2020).

4. Смолянко О., Чаусов Ю. Общественные советы в Беларуси: правовое регулирование и практика: материалы комплексно-правового исследования, 2011. - С. 5-10.

5. Гублицын А.В. От консультаций к диалогу: опыт Канады по участию граждан в государственном управлении // Вопросы государственного и муниципального управления. - 2009. - № 3. - С. 155-165.

6. Общественные советы в Казахстане: основные тренды развития: брошюра Казахстанского института стратегических исследований при Президенте РК, 2017. - С. 19.

7. Зубарев С.М. Понятие и сущность общественного контроля за деятельностью государственных органов // Административное право и процесс. - 2011. - № 5. - С. 7-13.

8. Курбатова М.В., Саблин К.С. Администраторы развития в процессе модернизации экономики // Общественные науки и современность. - 2013. - № 2. - С. 45-49.

9. Фельдман П.Я., Хорхордина Н.П. Российская модель демократического контроля: современное состояние и перспективы эволюции // Общенациональный научно-политический журнал «Власть». - 2017. - № 8. - С. 95-99.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Спабеков Ғ.О. Жергілікті мемлекеттік басқарудағы қоғамдық кеңестің рөлі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):229-234. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-229-234

For citation:


Spabekov G.O. The role of the public council in local government. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):229-234. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-229-234

Қараулар: 608


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)