Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың қазіргі жағдайын талдау және мониторингілеу

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-240-245

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сатып алулар жүйесінің қызметіне мониторинг жүргізу мәселелері қарастырылады. Зерттеліп отырған тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, себебі мемлекет қаржы дағдарысы мен әлемдегі тұрақсыз экономикалық ахуал жағдайында мемлекеттік бюджетке қысымның жоғарылауымен күресуге мәжбүр. Жалпы алғанда, квазимемлекеттік сектордағы бюджет шығыстарына осы сектордағы сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен қажетсіз шығындарды жою үшін мониторинг және мұқият талдау арқылы назар аудару қажет. Мақала квазимемлекеттік секторда сатып алулар мониторингінің тетіктерін құру мен енгізу, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың қазіргі жағдайын, мәселелері мен болашағын зерттеуге арналған. Сатып алулар нарығында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты сатып алулардың үлесі ерекше рөлге ие. Сондықтан, сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінен айырылған қолайлы жағдайлар мен мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімді шараларын құру, мемлекеттік қаржылық бақылаудың ашық, тиімді жүйесінің болуы өте маңызды. Мақалада квазимемлекеттік сектордағы сатып алу көлемінің салыстырмалы талдауы келтірілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету шаралары баяндалған. Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар саласындағы проблемаларды талдау нәтижесінде автор осы саладағы сыбайлас жемқорлық компоненттерінің төмендеуіне әкелетін бірқатар ұсынымдарды әзірледі.

Автор туралы

Ж. М. Хамитов
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Открытая база данных о госбюджете Казахстана: http://openbudget.kz/data/government (дата обращения: 06.06.2020 г.).

2. Елюбаева А. Ущерб от коррупции в сфере госзакупок составил 2,5 млрд тенге: https://kapital.kz/gosudarstvo/83641/ushcherb-ot-korruptsii-v-sfere-goszakupok-sostavil-2-5-mlrd-tenge.html (дата обращения: 05.06.2020 г.).

3. Храмкин А. Международный опыт построения системы госзакупок: http://bujet.ru/article/46008.php (дата обращения: 05.06.2020 г.).

4. Dubinina M., Ksonzhyk I. Monitoring of the activity of Procurement system in Ukraine. - Baltic journal of economic studies, 2017. - P. 238-243.

5. Госпредприятия планомерно сокращают значимость присутствия в экономике страны: сайт EnergyProm: http://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/gospredpriyatiya-planomerno-sokrashayut-znachimost-prisutstviya-v-ekonomike-strany-na-konec-iyulya-tekushego-goda-ih-dolya-sostavila-83-godom-ranee-92 (дата обращения: 06.06.2020 г.).

6. Константинов А. Счетный комитет предлагает изменить правила закупок для госхолдингов: сайт «Курсив»: https://kursiv.kz/news/finansy/2020-06/schetnyy-komitet-predlagaet-izmenit-pravila-zakupok-dlyagoskholdingov (дата обращения: 29.06.2020 г.).

7. Отчет ОЭСР. Государственные предприятия - порядок осуществления закупок на госпредприятиях: https://www.oecd-ilibrary.org/sites/49746e55-ru/index.html?itemId=/content/component/49746e55-ru (дата обращения: 06.06.2020 г.).

8. Опыт передовых технологий из страны утренней прохлады: сайт «Цифровые закупки», 5.04.2019 г.: https://zakupki-digital.ru/za-rubezhom/opyt-peredovyh-tehnologij-iz-strany-u/ (дата обращения: 07.06.2020 г.).

9. Дайрабаева Н.К. Зарубежный опыт организации государственных закупок на примере США, 2017 г.: https://articlekz.com/article/17777 (дата обращения: 07.06.2020 г.).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Хамитов Ж.М. Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік сектордағы сатып алулардың қазіргі жағдайын талдау және мониторингілеу. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(3):240-245. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-240-245

For citation:


Khamitov Zh.M. The analysis and monitoring of the current state of procurement in the quasi-public sector of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(3):240-245. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2020-1-3-240-245

Қараулар: 1078


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)