Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасында жарнама қызметінің дамуы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Коммуникация құралдарының тез дамуы және тұтынушылардың шешімдер қабылдау процесіне әсер ету тәсілдерін өндірушілер мен сатушылардың белсенді іздестіруі, екінші жағынан, жарнама ісінде еңбекті бөлу үрдісінің күшеюіне алып келеді. Жарнама нарығы кез келген ел экономикасының неғұрлым серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады, бұл ретте оның тауар нарықтарының өсуі үшін маңызы үнемі артып келеді. Қазақстан Республикасының жарнама нарығы ұлттық экономиканың дамып келе жатқан сегменті болып табылады. Жарнама нарығында болып жатқан өзгерістер көптеген факторларға байланысты. Мақалада тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты таратудың маркетингтік арнасы ретінде жарнама түсінігін дамытудың теориялық және практикалық ережелерін жинау және талдау негізінде жарнама нарығының жағдайы мен даму бағыты талданды. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Статистика комитетінің статистикалық есептілік материалдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарнама нарығын дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ИМСИ Elim маркетингтік агенттігінің талдамалық есептері зерделенді. Қазақстан Республикасының жарнама нарығының құрылымында өзгерістер жалғасуда және болашақта бюджеттерді қайта бөлу интернет-жарнаманың пайдасына болатынын атап өткен жөн. Зерттеу нәтижелері бойынша біздің ойымызша, жалпы барлық бағыттар бойынша, әсіресе сыртқы жарнама мен радио сегментінде жарнамалық қызметтер көлемінің өсуінің баяулауы байқалып отыр, осыған байланысты дәстүрлі БАҚ-тың жарнама берушілер үшін неғұрлым кең мүмкіндіктерді ұсынатын және мақсатты тұтынушылармен тікелей байланысты дамытуға ықпал ететін интернет-кеңістікке көшу мәселесі өзекті деп ойлаймыз.

Авторлар туралы

М. Ж. Тұрсымбаева
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан


А. Ж. Тержанова
ҚҚЭУ «Қашықтықтан оқыту орталығы» Астана өкілдігі
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Ромат Е.В., Сендеров Д.В. Реклама: учебник для вузов. - 8-е изд. Стандарт третьего поколения. - СПб.: Питер. - 512 с.

2. ИМСИ Elim әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер институтының зерттеу нәтижелері 2018 ж.: www.marketingcenter.kz.

3. Экономико-статистический анализ рекламной деятельности в Казахстане и перспективы развития информационных услуг. - Алматы: Учреждение «Центр экономической конъюнктуры и анализа». [Электронный ресурс]. - URL: http://www.almau.edu.kz/upload/pdf (дата обращения: 03.11.2017).

4. Казахстан: реклама в интернете до и после появления соцсетей. [Электронный ресурс]: https://aqparat.info. - 2017.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тұрсымбаева М.Ж., Тержанова А.Ж. Қазақстан Республикасында жарнама қызметінің дамуы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):47-52.

For citation:


Tursymbayeva M.Zh., Terzhanova A.Zh. Development of advertising in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):47-52. (In Russ.)

Қараулар: 517


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)