Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қарастырылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған және 2017-2021 жылдарға арналған республикалық бағдарлама қаралды. Бағдарламада белгіленген мақсатқа жетудің негізгі индикаторлары анықталды. Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік пен шикізат өндірісі бойынша экономика секторы болып табылып қана қоймай, көптеген жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көрсеткіштері қарастырылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі басым түрлері анықталып, талданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым түрлері бойынша өндіріс көлемін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштері келтірілген. Талдау жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20 түрі іріктеліп алынды. Белгіленген санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көрсеткіштері, сондай-ақ олардың өзгеру динамикасы талданды. Нысаналы индикаторлардың орындалуына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері анықталды және санаты бойынша бөлінді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді талдау нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің нысаналы индикаторларының орындалуына байланысты 3 санатқа бөлуге болады. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға жаңа тәсілдерді әзірлеу үшін оң шетелдік тәжірибе зерделенді. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау кезінде жаңа тәсілдерді қолдану үшін шетелдік оң тәжірибе зерттелді. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер бюджетті жоспарлау кезінде сенімді құрал ретінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде кешенді жоспарлауға негізделген бағдарламалық-нысаналы әдісті пайдаланады.
Кілт сөздер
агропромышленный комплекс,
сельскохозяйственная продукция,
агробизнес,
государственная программа,
продовольственная безопасность,
продукты питания,
целевые индикаторы,
агроөнеркәсіптік кешен,
ауыл шаруашылығы өнімдері,
агробизнес,
мемлекеттік бағдарлама,
азық-түлік қауіпсіздігі,
тамақ өнімдері,
нысаналы индикаторлар,
agro-industrial complex,
agricultural products,
agro-business,
state program,
food security,
food,
target indicatots
Авторлар туралы
А. У. Мухаммедов
Университет международного бизнеса
Қазақстан
А. Б. Тасмаганбетов
Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова
Қазақстан
М. А. Турганбаев
Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова
Қазақстан
Дәйектеу үшін:
Мухаммедов А.У.,
Тасмаганбетов А.Б.,
Турганбаев М.А.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):76-82.
For citation:
Mukhammedov A.U.,
Tasmaganbetov A.B.,
Turganbaev M.A.
Development of agro-industrial complex of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):76-82.
(In Russ.)
Қараулар: 300