Қазақстан Республикасындағы инфляциялық таргеттеу мәселелері
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы ақша-несие саясаты құрамындағы инфляциялық таргеттеудің маңызы талданып, оның негізгі режимдері зерттеліп, шетелдердегі жүргізілу тәжірибесі зерделенді. Инфляциялық таргеттеу елдері ақшалай таргеттеу елдерімен салыстырғанда макроэкономикалық аяда бірқатар артықшылықтар көрсетуде, инфляцияның таргеттеуіндегі артықшылықтар ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің ерекшелігімен түсіндіріледі. Дамушы елдер қатысында ақша-несие саясаты режимін өзгерту себебі ретінде келесілерді атауға болады: валюталық дағдарыс, тұрақты айырбас бағамы негізіндегі тұрақтандыру бағдарламасының эволюциясы және монетарлық таргеттеу тиімділігі. Халықаралық валюта қорының жариялаған материалдарынан инфляцияны таргеттеудің үш негізгі режимін бөліп көрсетуге болады. Инфляциялық таргеттеуде трансмиссияның басқа каналдары әрекет етеді: пайыздық мөлшерлеменің тура арнасы, жинақталған қаржылық активтер арнасы, ақша ағыны арнасы, айырбас бағам арнасы және инфляциялық күтулер арнасы. Олардың көмегімен банк жүйесінің резервтері емес, пайыздық мөлшерлемелер реттеледі. Пайыздық мөлшерлеме каналының бастапқы идеясы қарапайым: бағалардың берілген қатаң деңгейінде номиналдық пайыздық мөлшерлеменің ұлғаюы қаржылық ресурстар тарту шығындарының және нақты мөлшерлеменің өсуіне әкеледі. Ресурстардың қымбаттауы өз кезегінде тұтыну көлемі мен инвестицияларды қысқартады. Инфляциялық таргеттеуде нарықтың кез-келген қатысушысы ақшалай-несиелік реттеу органдары жауапты барлық инфляциялық мақсаттар туралы хабарландырылған.
Кілт сөздер
ақша-несие саясаты,
инфляция,
инфляциялық таргеттеу,
трансмиссиялық механизм,
валюталық бағам,
пайыздық мөлшерлеме,
денежно-кредитная политика,
инфляция,
инфляционное таргетирование,
трансмиссионный механизм,
валютный курс,
процентная ставка,
monetary policy,
inflation,
inflation targeting,
trafficking mechanism,
exchange rate,
interest rate
Авторлар туралы
Р. К. Конуспаев
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан
Т. Ж. Демесинов
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан
Н. А. Сатанбеков
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Advancing the Frontiers of Monetary Policy Edited by Tobias Adrian, Douglas Laxton, and Maurice Obstfeld International Monetary Fund Publication. Date: April 2018. - 269 p.
2. Крымова И.П., Дядичко С.П. Таргетирование инфляции в России // Азимут научных исследований: экономика и управление. - 2019. - № 3. - С. 209-213.
3. IMF Annual Report on Exchange Arrangements and Restrictions. - 2019.
4. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 67 қаулысымен бекілген.
5. Моисеев С.Р. Денежно-кредитная политика: теория и практика: учеб. пособие. - М.: Московская финансово-промышленная академия, 2011. - 784 с.
6. Гордиевич Т.И., Рузанов П.В. Денежно-кредитная политика: основные режимы и трансмиссионный механизм // Омский научный вестник. Серия «Общество. История. Современность». - 2019. - Т. 4. - № 2. - С. 122-130.
Дәйектеу үшін:
Конуспаев Р.К.,
Демесинов Т.Ж.,
Сатанбеков Н.А.
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық таргеттеу мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):125-129.
For citation:
Konuspaev R.K.,
Demesinov T.Zh.,
Satanbekov N.A.
Problems of inflation targeting in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):125-129.
(In Russ.)
Қараулар: 516