Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасындағы несиелiк нарықтың қазіргі жағдайын бағалау

Толық мәтін:

Аңдатпа

Еліміздің экономикалық дамуының заманауи моделінде нарық субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ететін елдің экономикалық әлеуетінің өсуінің маңызды факторы ретінде қарастырылған банк секторына ерекше мән беріледі. Тұтастай алғанда, Қазақстанда қаржы нарығы мемлекет тарапынан белсенді қолдауға ие болғанымен, соңғы жылдары жеке және заңды тұлғаларға беріліп жатқан несиелер көлемінің азайтуы байқалады. Бұл мақалада несие нарығының қазіргі жағдайы талқыланады, Қазақстан экономикасын несиелік ресурстармен қамтамасыз етудегі екінші деңгейдегі банктердің қызметі бағаланады. Капиталды тиімді пайдалану және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру үшін банк қызметінде кредиттік тәуекелдерді басқару саясатында несие беру жөніндегі операциялардың белгілі бір кірістілігі кезінде тұтастай банк бойынша кредиттік тәуекелдің қолайлы деңгейін қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Авторлар екінші деңгейдегі банктердің соңғы жылдардағы несиелік саясатына баға беріп, сондай-ақ берілген несиелер құрылымы мен динамикасына талдау жасады. Несиелік портфельдің сапасы және берілген несиелердің қамтамасыз етілуі, берілген кредиттерді өтеу серпіні, тұрақты назар аударуды талап ететін мерзімі өткен несиелердің мониторингі сияқты бірқатар негізгі көрсеткіштердің динамикасы қарастырылады. Осы мақалада қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиелер туралы соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер келтірілген, олардың негізінде нарықтың жекелеген сегменттерінде несие берудің төмендеу себептері анықталған. Анықталған мәселелерге сүйене отырып, мақалада екінші деңгейдегі банктердегі несиелік тәуекелді басқару бойынша ұсыныстар берілген.

Авторлар туралы

И. Ш. Ажаипова
Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова
Қазақстан


А. Е. Шахарова
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
Қазақстан


К. М. Балгинова
Баишев Университет
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Текущее состояние банковского сектора по состоянию на 1 января 2019 года: статистический сборник Национального банка Республики Казахстан. 2019. - 20 с.: https://nationalbank.kz/cont.

2. Fitch-2019: о кризисе плохих активов: https://kz.expert/ru/materials/analitika/1429_fitch_2019_o_krizise_plohih_aktivov.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Ажаипова И.Ш., Шахарова А.Е., Балгинова К.М. Қазақстан Республикасындағы несиелiк нарықтың қазіргі жағдайын бағалау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):130-135.

For citation:


Azhaipova I.Sh., Shakharova A.E., Balginova K.M. Assessment of the current state of the credit market in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):130-135. (In Russ.)

Қараулар: 906


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)