Қазақстан Республикасында құс шаруашылығының дамуына нормативті-әдістемелік нұсқаулар әсерінің
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығының бір саласы болып табылатын құс шаруашылығының дамуы және қазіргі жағдайы қарастырылады. Елдегі құс өндірісінің соңғы бес жылдық негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалынған және құс шаруашылығы саласының алдағы он жылға өсуі мен даму тенденциясы анықталған. Қазіргі заман талаптарына сай нарықтың қатаң бәсекелестік жағдайында құс шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды есепке алатын нормативті-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы біраз мәселелер туғызатындығы қаралған. Автор мақалада ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі бұйрығымен бекітілген, салалық ерекшеліктері және биологиялық процестері ескеріліп әзірленген сауатты нормативті-әдістемелік нұсқаулық ауадай қажет екендігін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде қолданылып отырған 2-Қорлар деп аталатын Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты және Ұлттық қаржылық есептілік стандарты да жеткіліксіз (кемелсіз) екенін байқауға болады. Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілері 2013 ж. бастап қолданып отырған Ұлттық қаржылық есептілік стандартында биологиялық тегіне қатысты активтерді анықтау үшін арнайы ұғым қолданылмайды, тек активтер ұғымы пайдаланылады. Сонымен бірге биологиялық процестері мен салалық ерекшеліктері жан-жақты ескеріліп, жүйелі түрде әзірленетін құс шаруашылығындағы шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың нормативті-әдістемелік нұсқауларына қаншалықты мұқтаж екендігі зерттелген. Осы нұсқаулықтың (әдістемелік нұсқаулық) құс шаруашылығын дамытуға әсері айқындалған.
Кілт сөздер
құс шаруашылығы,
ауыл шаруашылығы,
өзіндік құн,
бәсекелестік,
салалық ерекшелік,
биологиялық процестер,
нормативтік актілер,
птицеводство,
сельское хозяйство,
себестоимость,
конкуренция,
отраслевые особенности,
биологические процессы,
нормативные акты,
poultry farming,
agriculture,
cost price,
competition,
industry features,
biological processes,
regulations
Әдебиет тізімі
1. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы шілде айындағы № 423 қаулысы.
2. Кочиш И.И., Петраш М.Г., Смирнов С.Б. Птицеводство. - М.: КолосС, 2003. - 407 с.
3. «АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі А. Евниев 2018 жылдың 4-желтоқсанында жасаған баяндамасы.
4. Казахстанская куриная индустрия обещает завалить страну яйцами, мясом и пухом: https://mk-kz.kz/articles/2016/04/27/kazakhstanskaya-kurinaya-industriya-obeshhaet-zavalit-stranu-yaicami-myasom-i-pukhom.html.
5. В Акмолинской области открылась крупнейшая птицефабрика в Центральной Азии: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/akmolinskoy-oblasti-otkryilas-krupneyshaya-ptitsefabrika-354581/.
6. Официальный сайт Комитета по статистике МНЭ РК. Официальная статистика. Статистика сельского, лесного, охотничьего и рыбного хозяйства: // https://stat.gov.kz/ (дата обращения: 15.11.2019).
7. «Ұлттық қаржылық есептілік стандарты» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығы.
8. 2-ші Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты «Босалқылар»: http://minfin.kz.
Дәйектеу үшін:
Мазбаева К.О.
Қазақстан Республикасында құс шаруашылығының дамуына нормативті-әдістемелік нұсқаулар әсерінің. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):257-261.
For citation:
Mazbayeva K.O.
Theoretical spects of standard-methodical instructions on poultry farming development in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):257-261.
(In Russ.)
Қараулар: 325