Шағын және орта бизнесті құқықтық қолдау және қаржылық реттеу жолдары
Аңдатпа
Бұл мақалада келтірілген шағын және орта бизнесті құқықтық қолдаудың нормативтік заңнамалары көрсетілген. ШОБ қызметін құқықтық реттейтін институттар, бекітілген ережелер шеңберінде заңнамалық актілер негізінде жұмысын жүргізеді. Шағын және орта бизнес соңғы жылдары өндіріс көлемінің, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының белсенді өсуін қамтамасыз ететін экономикадағы неғұрлым маңызды элемент болып отырғаны анық. Сондықтан бизнесті дамыту үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бүгінгі таңда биліктің барлық деңгейлерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Нормативтік құқықтық акт, бұл заңда белгіленген рәсімді сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті шегінде қабылданған, жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін қамтитын, адамдардың белгісіз тобына және бірнеше рет қолдануға есептелген белгіленген нысанындағы ресми құжат. Нормативтік актіні енгізуден ШОБ үшін шығындар мен пайданы бөлудегі бағалау талдауын жүргізу, сатып алулар мен шығындардың балансын өзгерту үшін жүргізуі мүмкін. Заң шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қатынастарды реттеу саласында пайдаланылатын негізгі ұғымдарды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ұғымын, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау инфрақұрылымын және осындай қолдаудың түрлері мен нысандарын айқындайды. Бұл мақалада, тақырыпқа сәйкес жаңа ережені енгізудің экономикалық салдарларын талдау нәтижелеріне мысал келтірілді.
Кілт сөздер
кәсіпкерлік,
нормативтер,
құқықтық қолдау,
талдау,
негізгі ұғымдар,
бұзушылық,
қаржыландыру,
entrepreneurship,
regulations,
legal support,
analysis,
main notions,
violations,
financing,
предпринимательство,
нормативы,
правовая поддержка,
анализ,
основные понятия,
нарушения,
финансирование
Әдебиет тізімі
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысы: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001091.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000375.
3. Қазақстан Республикасының президенті, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: https://strategy2050.kz/.
4. Нормативті-құқықтық актілерге сараптама «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: https://atameken.kz/kk/news/category/467.
5. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі - «Даму» Қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған: https://www.damu.kz/.
Дәйектеу үшін:
Иманбай И.Ә.,
Оразалинова М.Н.,
Кыдырбаева Ш.Д.,
Каленова С.А.
Шағын және орта бизнесті құқықтық қолдау және қаржылық реттеу жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2020;(1):262-266.
For citation:
Imanbay I.A.,
Orazalinova M.N.,
Kydyrbayeva Sh.D.,
Kalenova S.A.
Legal support of small and medium-sized business and ways of financial regulation. Bulletin of "Turan" University. 2020;(1):262-266.
(In Russ.)
Қараулар: 302