Аймақтың азық-түліктік қауіпсіздігін бағалау
Аңдатпа
«Азық-түлік қауіпсіздігі» түсінігі ғылыми айналымда, экономикалық қауіпсіздік түсінігімен қатар берік орынға ие екендігі кеңінен танылған. Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі көрсеткіштер жиынтығымен бағаланады, олардың ішіндегі ең маңыздылары: халықтың әртүрлі санаттары үшін азық-түліктің физикалық және экономикалық қолжетімділік деңгейі; тұтынылатын ресурстардың сапасына, рационның құрамдас бөліктерінде және физиологиялық қажеттіліктеріне қанағаттану дәрежесі. Азық-түлік қауіпсіздігі және онымен қамтылуының проблемасы шешілуі жүйелік талдауды және орын алған қиындықтан шығу жолдарын іздеуді қажет етеді. Мұнда алға қойылып отырған проблема мемлекет деңгейінде, сондай-ақ жекеленген өңірлер деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің аймақтық тұжырымдамаларын жасау шегінде де қарастырылуы тиіс. Мақалада аймақтың азық-түлік қауіпсіздігінің физиологиялық компонентін бағалау үшін қолданбалы зерттеулер жүргізілді. Елдің индустриалды дамыған өңірлеріндегі тұрғындарының өмір сүруін қамтамасыз ететін негізгі өнімдері бойынша аталған көрсеткіш деңгейін өлшеу азық-түлікпен қамтылудың және халық табысының динамикалары әртүрлі статистикалық бақылаулар негізінде жүзеге асырылды. Авторлармен аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде қолдануға болатын облысішілік өңірлердің деректері негізінде талдаудың графикалық және статистикалық әдістері қолданылды. Халықтың өңірлік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық құрамдас бөліктерін зерттеу нәтижелері елдің басқару органдарына нақты бағыттарды, мақсатты және уақыттық параметрлерді беруге мүмкіндік береді.
Кілт сөздер
азық-түлік қауіпсіздігі,
өңір,
табыстар,
халық,
тұтыну нормасы,
талдау,
сапа,
продовольственная безопасность,
регион,
доходы,
население,
нормы потребления,
анализ,
качество,
food security,
region,
income,
population,
consumption norms,
analysis,
quality
Авторлар туралы
А. М. Кабдулшарипова
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Қазақстан
С. Н. Суйеубаева
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Қазақстан
М. . Сырымбек
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Фомин Д.А., Храмцов Н.С. Экономические основы развития агропромышленной интеграции. - Новосибирск: СибНИИЭСХ, 2011. - 120 с.
2. Ленчевский И.Ю. О некоторых аспектах продовольственной безопасности // Достижение науки и техники АПК. - 2013. - № 1. - С. 6-9.
3. Бурдуков П.Т., Саетгалиев Р.З. Россия в системе глобальной продовольственной безопасности. [Электронный ресурс]. URL: http://www.duel.ru.
4. Чернова О.А. Продовольственная безопасность: научно-теоретические подходы к определению терминологии / О.А. Чернова, В.Е. Степаненко // Юридический мир. - 2006. - № 10. - С. 44-48.
5. Гумеров Р. Как обеспечить продовольственную безопасность страны? // Российский экономический журнал. - 2011. - № 9. - С. 57-69.
Дәйектеу үшін:
Кабдулшарипова А.М.,
Суйеубаева С.Н.,
Сырымбек М.
Аймақтың азық-түліктік қауіпсіздігін бағалау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(1):72-79.
For citation:
Kabdulsharipova A.M.,
Suieubaeva S.N.,
Syrymbek M.
Assessment of food security in the region. Bulletin of "Turan" University. 2018;(1):72-79.
(In Russ.)
Қараулар: 289