Қазақстан тәжірибесіндегі исламдық қаржының даму болашағы
Аңдатпа
Соңғы он жылда жаңашыл бизнес исламдық қаржы құралдарына ерекше мән беруде. Алдымен, экономикадағы дағдарыс кезінде «стресс төзімділігімен» байланысты. Жылдан жылға исламдық қаржы институттары мен құралдары азиаттық елдерден ғана емес, экономикалық дамыған елдерде де артуда. Посткеңестік кеңістікте Қазахстан бизнесте исламдық қаржы құралдарын қолдануда белгілі жетістіктерге жетті. Исламдық қаржыландырудың перспективалы бағытта дамуы Қазақстанның стратегиялық даму жоспарында көрсетілген. Сондықтан да біздің еліміздің басты мақсаты исламдық қаржыны барынша дамыту және исламдық қаржы құралдарын кеңінен қолдану. Қазіргі таңда бұл бағытта барынша шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ құрылуы, оның мемлекеттік басты саясатты жүргізуі және ауыл шаруашылығы субъектілерін «Мурабаха» бағдарламасы аясында қаржыландыруын айтсақ болады. Ауыл шаруашылығы, басқа бизнес салалары және ондағы кәсіпкерлер ел экономикасының дамуында жетекші орынға ие. Дамыған мемлекеттерде шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-нің 60-70% құрайды. Қазақстан - мүмкіндіктері мол дамушы мемлекет. Сондықтан мақалада исламдық қаржы құралдарының басқа да түрлерін белсенді қолдану ұсынылады: мушарака, салам, иджара, мурабаха. Бұл құралдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Мушарака құралы серіктестер үшін жағдайлар жасап және бизнесті нығайта түседі. Мурабаха и Салам келісімдері жаңа (маусымдық) өндіріс үшін бастапқы капиталды иелену мүмкіндіктерін береді. Иджара шағын және орта бизнесті қаржыландырудың альтернативтік көзі.
Кілт сөздер
исламдық қаржыландыру,
құралдар,
мушарака келісім-шарттары,
салам мәмілері,
иджара,
мурабаха,
islamic finance,
instruments,
musharaka contracts,
salam deals,
idjara,
murabaha,
исламские финансы,
инструменты,
контракты мушарака,
сделки салам,
иджара,
мурабаха
Әдебиет тізімі
1. Рязанцева Н. Проблемы развития малого и среднего бизнеса в Казахстане: group-global.org. - 2015.
2. Арыстанов А. Біздің барлық жобалар ұзақ мерзімді, сондықтан қалыптасқан жағдайға қарамай, жүзеге асып келеді / Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, 2009: / http://kisi.kz.
3. «Al Hilal» Ислам Банкі». Ресми сайты: /http://www.alhilalbank.kz.
4. Оналтаев Д.О. Исламские финансы: учеб. пособие. - Алматы: Таугуль-Принт, 2015. - С. 282.
5. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры». Қаржылық көрсеткіштері: //www.kazagro.kz/kk/web/fond.
Дәйектеу үшін:
Омарова А.К.
Қазақстан тәжірибесіндегі исламдық қаржының даму болашағы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(1):137-141.
For citation:
Omarova A.K.
Perspectives of Islamic finances development in Kazakhstan practice. Bulletin of "Turan" University. 2018;(1):137-141.
(In Russ.)
Қараулар: 232