Салықтардың Ақтөбе облысы бюджетін қалыптастырудағы рөлі
Аңдатпа
Салықтар мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың көзі болғандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінен бастап оның қызмет етуін қамтамасыз етуде және қолдауда маңызды орын алады. Сонымен қатар, салықтар мемлекеттің қаржылық тетігі болып табылады, олар елдегі бизнестің дамуына әсер етудегі экономикалық тұтқа ретінде көрінеді. Салық салудың негізгі мақсаты - мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады. Мақалада жергілікті бюджеттегі салықтық түсімдерге талдау қарастырылады. Жергілікті бюджеттегі, оның ішінде Ақтөбе облысы бюджетінің салықтық түсімдерін талдау аймақтағы экономикалық жағдайларды білу үшін қажеттілік танытады. Жергілікті бюджет басқарудың және жергілікті билік органдарының көпқырлы қызметінінің қаржылық базасы, себебі халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету және оның әлеуметтік тұрақтылығына қатысты сұрақтар қаржылық басқарудың тиімділігіне байланысты. Мақалада Ақтөбе облысы бюджетінің кірістерінің құрылымы талданады. Осыған байланысты 2011-2016 жылдар аралығындағы салықтық түсімдер мәліметтерді ҚР Қаржы министрлігінің сайтындағы мәліметтер негізінде ала отырып зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысында салыстырмалы, статистикалық кешендік талдау жүргізілді. Салыстырмалы талдаудың элементі ретінде салықтық түсімдерді құрылымын және даму қарқыны көрсетілді. Салықтық төлемдердің құрылымы мен динамикасындағы өзгерістер қарала отырып, олардың өзгеріс ауытқуларының себептері қаралды.
Тірек сөздер
салықтар,
трансферттер,
салықтан тыс түсімдер,
бюджет,
табыстар,
шығыстар,
салық салу,
құрылым,
динамика,
налоги, трансферты, неналоговые поступления, бюджет, доходы, расходы, налого­,
обложение, структура, динамика,
taxes,
transfers,
no tax revenues,
budget,
income,
costs,
taxation,
structure,
dynamics
Автор туралы
Г. И. Ахметова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. 100 нақты қадам. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы.
2. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. Қаржы негіздері: оқулық. - Алматы ЖШС Издательство «LEM», 2009. - 722 б.
3. ҚР Қаржы министрлігінің Статистикалық бюллетеньі. 2011-2016 жж.
4. Ақтөбе облысының азаматтық бюджеті 2011-2016 жж.
Дәйектеу үшін:
Ахметова Г.И.
Салықтардың Ақтөбе облысы бюджетін қалыптастырудағы рөлі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(1):184-189.
For citation:
Akhmetova G.I.
The role of taxes in budget formation in Aktobe region. Bulletin of "Turan" University. 2018;(1):184-189.
(In Russ.)
Қараулар:
276