Қазақстан бөлігіндегі Жетісу (Жоңғар) Алатауының асуларынан өту бойынша жолкөрсеткіштерді құру тәжірибесі
Аңдатпа
Соңғы 40 жылда Жоңғарияның Қазақстан бөлігіне жүргізілген сапарлар өңірдің асуларына алғаш рет жорық жасаудың ұзақ мерзімді келешегін бірнеше рет растады. В.С. Тихоновтың жетекшілігімен мәскеулік туристердің тобы жүргізген барлаудың нәтижесінде Солтүстік Жоңғарияның Ақсу және Қарасым тау тарамдарының қиылысында бірнеше бөгет бар екендігі анықталды, олардан өту 3А-3В к.к. бағаланады. Бұл әлеуетті асулар арқылы жолдардың Ү. Айдайсу және Қарасырық өзендер аңғарларын қысқа бағыттармен байланыстыруы қисынды болып табылатыны маңызды. А.М. Ермилова, И.О. Петрунина, К.А. Гальченко, М.В. Маркунцеваның жетекшілігімен туристік топтардың жүргізген зерттеуі 1А күрделілік категориясы бар, Кіші өзен аңғары арқылы өту ыңғайлы болып табылатын Көктал тау тарамдарында бірнеше аңғарлар бар екендігін көрсетті. Қазақстан бөлігіндегі Жоңғар Алатауының ондаған асулары алғашқы жорық жасаушыларды әлі де күтуде. Солтүстік Жоңғарияда «Бейресми тізім...» деректері бойынша, 173 жіктелген асулардың 141 асуларына расталған ақпарат бар. Орталық Жоңғарияда - 129 асулар бар, оның 121-іне ақпарат бар, Оңтүстік Жоңғарияда - 185 асулар бар, оның 168-іне ақпарат бар. Бұл факт қазақстандық және шет елдік туристерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін Жоңғар Алатауының қазақстандық бөлігінде барлық үш бөлшек аудандары бойынша жолкөрсеткіштерді жазу және карталарды құрудың маңыздылығын тағы да дәлелдейді.
Кілт сөздер
путеводитель,
туризм,
туристские карты,
горные перевалы,
практика,
маршруты,
туристы,
безопасность,
guide,
tourism,
tourist maps,
mountain passes,
practice,
routes,
tourists,
safety,
жолкөрсеткіш,
туризм,
туристік карталар,
тау асулары,
тәжірибе,
бағыттар,
туристтер,
қауіпсіздік
Автор туралы
В. Н. Вуколов
НИИ туризма университета «Туран»
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Вуколов В.Н. Путеводитель «По Жетысускому (Джунгарскому) Алатау. Горные туристские маршруты по Северной, Центральной и Южной Джунгарии». - Алматы, 2015. - 300 с.
Дәйектеу үшін:
Вуколов В.Н.
Қазақстан бөлігіндегі Жетісу (Жоңғар) Алатауының асуларынан өту бойынша жолкөрсеткіштерді құру тәжірибесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(1):196-200.
For citation:
Vukolov V.N.
The practice of drawing up guides to passes of the Kazakh part of Zhetysu (Dzhungarian) Ala Tau. Bulletin of "Turan" University. 2018;(1):196-200.
(In Russ.)
Қараулар: 407