Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Шетелдік инвестициялар: тарту мен тиімді қолдану мәселелері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада шетелдік инвестицияларды тарту және пайдалану мәселелері қарастырылады. Қазақстан Рес­публикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында мұнай-газ секторының басты нәтижелерінің бірі оның өндірістік әлеуетін дамыту және болашақта айтарлықтай прогрессті қамтамасыз ету болып табылады. 2010-2015 жылдары Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар түсімдердің көлемі 50 млрд АҚШ долларынан асты. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесстер экономикалық дамуымыздың негізгі алғышартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі күрделі мұнай-газ жобаларын іске асыру, мұнай өндіруші компанияларды жекешелендіру, еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту, мұнай шығаратын компанияларды қайта құру, Қашаған мұнай кен орындарын ашу және басқа да операцияларды жүргізу арқылы ресурстық базаны кеңейту үшін белгілі мұнай компанияларынан қаржы тартуға қол жеткізді. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін іскерлік климаттың негізгі параметрлері бойынша тартымды нарық болып саналады. Республикада үлкен нарықтық әлеует, мол табиғи және еңбек ресурстары бар. Мұнай сатудан Қазақстан айтарлықтай қаржылық кіріс алады. Мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту мұнай өнімдерінің спектрін кеңейтеді, олардың бәсекеге қабілеттілі­гін едәуір арттырады, бұл экономиканың көптеген секторларында жұмыспен қамту нарығына үлкен әсер етеді.

Авторлар туралы

Ж. Т. Бейсенбаев
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан


М. Ж. Бейсенбаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Заңы 28 ақпан, 1997 жылғы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы». - Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. - 96 б.

3. Нұрланова Н.К. Қазақстан экономикасына инвестициялар қалыптастыру: стратегиялар мен механизмдері. - Алматы: Ғылым, 1999.

4. Сәрсембаев М.А. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. - Алматы: Ғылым, 1997.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бейсенбаев Ж.Т., Бейсенбаева М.Ж. Шетелдік инвестициялар: тарту мен тиімді қолдану мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(1):216-219.

For citation:


Beisenbaev Zh.T., Beisenbaeva M.Zh. Foreign investments: problems of attracting and effective using. Bulletin of "Turan" University. 2018;(1):216-219. (In Russ.)

Қараулар: 517


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)