Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жүйелі жаңғыруы

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жүйесінің жаңғыруы қарастырылған. Қазақстан өнеркә­сібі көптеген сегменттерде қорлардың тозуының айтарлықтай жоғары деңгейімен сипатталады. Бұл проб­леманы бизнес-қоғамдастық пен мемлекет мойындайды және оны тиімді шешу үшін шаралар әзірленуде. Қазақстан өнеркәсібінің тиімді жаңғыруы мемлекетке арқа сүйейтін салалар мен бағыттар бойынша әрта­раптандырылған жалпыұлттық өнеркәсіптік саясат аясында жүзеге асады. Өнеркәсіптік саясат болатын өз­герістерге жауап бере алатын құрал болуы тиіс. Оның ең маңызды ерекшеліктері - ұлттық жағдайдың ерекшелігін ескере отырып, экономикалық тәжірибеде әлемдік тәжірибенің ең үздік үлгілерін қолдануы мен бейімдеуі болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіндегі оң динамикалық көрсеткіштер талданған. Соңғы жылдары Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі мұнай өнеркәсібінен кейін, үкімет ерекше назар аударатын жетекші салалардың бірі болды. Бүгінде республика металлургия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстандық кәсіпорындар ме­лаллургиялық өнімдермен өздерінің нарығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, әртүрлі түсті ме­талдарды шетелдерге экспорттайды. Қазақстан Республикасындағы машина жасау кәсіпорындарының орналасуы өндірістің техникалық және экономикалық ерекшеліктеріне, оның ішінде, өндірілетін өнімнің құрылымдық күрделілігі, мамандану мен кооперациялау деңгейінің кең дамуына тікелей байланысты екенін атап өтуге болады. Технологиялық процестің ерекшелігі бойынша көптеген машина жасау салалары білікті қызметкерлері бар, жоғары техникалық мәдениет салаларына бейім аймақтарға тартылады.

Авторлар туралы

С. С. Тлеубердиева
Eurasian National University after L.N. Gumilev
Қазақстан


Г. С. Жансеитова
Eurasian National University after L.N. Gumilev
Қазақстан


Л. П. Молдашбаева
Eurasian National University after L.N. Gumilev
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. industrial modernization, industry, metallurgy, mechanic engineering, specifics of production, technological process

2. Галиев С.Ж, Жумабева С.А., Шукитова Э.Б. Перспективы и проблемы модернизации промышленности Казахстана // Журнал «KazEnergy». - 2011. - № 4.

3. Third modernization of Kazakhstan: global competitiveness. Address of the President of the Republic of Kazakhstan of January 31, 2017.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тлеубердиева С.С., Жансеитова Г.С., Молдашбаева Л.П. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жүйелі жаңғыруы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(2):26-29.

For citation:


Tleuberdiyeva S.S., Zhanseitova G.S., Moldashbayeva L.P. System modernization of the industry of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2018;(2):26-29. (In Russ.)

Қараулар: 217


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)