Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Жаһандық нақты жағдайдағы ҚР мемлекеттік бюджетінің атқарылу мәселелері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі таңда республиканың мемлекеттік қаржысының қызмет етуі күрделі экономикалық шарттарда жүзеге асырылады. Ұйымдардың іскерлік белсенділігі, шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің төлемқабілеттілік сұранысының төмендеуі салықтық түсімдердің азаюына әкеледі. Жаһанданудың дамуы отандық экономика мен мемлекеттік қаржыға кері әсерін тигізеді. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі жөніндегі мәселелерді шешу үшін мемлекет ішкі экономика өсімін ынталандыру мен қамтамасыз етуге қажетті жағымды баға конъюнктурасындағы бюджетке түсетін экспорттық түсімдерді кеңінен қолдануы тиіс. Мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің атқарылуы жөніндегі мәселелер қарастырылған. Мемлекеттік қаржы саясаты тиімділігінің жеткіліксіз деңгейін сипаттайтын негізгі мәселелер анықталды. Олардың қатарында - бюджеттің горизонталды және вертикалды теңгерімсіздігі, жергілікті бюджет табыста­рының мемлекеттік бюджет трансферттеріне тәуелділігі, қаржылық тәртіптегі бұзушылық фактілерін анық­тайтын бюджет жүйесі деңгейлері арасында табыстарды бөлу механизмінің тиімсіздігі. Авторлармен мемле­кеттік бюджет табыстары мен шығыстарының динамикасы мен құрылымына кешенді талдау жүргізілді, алдыңғы кезеңдегі бюджеттің атқарылуын салыстырмалы талдау негізінде бюджет параметрлерін орындау­ды айқындайтын трендтер анықталды. Бюджетаралық қатынастардағы мәселелер жеке қарастырылып, оларды басқару әдістері мен нысандарын сапалы түрде қайта қарастыру қажеттілігіне назар аударылды. Авторлар жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мәселелерін зерттейді. Олардың табыстарының құрылымын талдау негізінде, салық түсімдерінің кемуіне әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Авторлар позициясы бюджеттердің кіріс базасын қалыптастыруда жергілікті биліктегілердің мүмкіншіліктерін күшейту қажет­тілігіне, табыс көздерін кеңейтуге негізделеді. Аталған мәселелерді шешу мақсатында, жергілікті бюджеттер табыстарын бекіту мен бюджет құралдары бойынша шығыстардың тиімділігін және мемлекеттік қаржылық басқарудың сапасын арттыруға байланысты ұсыныстар енгізілді.

Авторлар туралы

Р. К. Берстембаева
Казахский университет экономики, финансов и международной торговли (г. Астана)
Қазақстан


А. С. Асилова
Казахский национальный университет им. аль-Фараби
Қазақстан


Б. М. Искаков
Университет «Туран-Астана»
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 30 ноября 2015 г. «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие». - Астана: Аккорда, 2017.

2. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева к народу и нации «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность». - Астана: Аккорда, 2017.

3. Абалкин Л. Политическая экономия и экономическая политика. - М.: Мысль, 1970. - С. 232.

4. Глазьев С.Ю. Благосостояние и справедливость. Как победить бедность в богатой стране. - Москва, 2003. - С. 192.

5. Вернадский В.И Научное мировоззрение (из лекции) / В кн.: На переломе: Фил. дискуссии 20-х годов: фил. и мировоззрение / Сост. П.В. Алексеев. - М.: Политиздат, 1990. - С. 528.

6. Кучукова Н.К. Налогово-бюджетное планирование. - Астана, 2015. - С. 230.

7. Зейнельгабдин А.Б. Налогово-бюджетные инструменты решения стратегических задач // Экономическая, налоговая и финансово-бюджетная стратегия Республики Казахстан на современном этапе: материалы международной научно-практической конференции Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. - Астана, 2016. - С. 19.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Берстембаева Р.К., Асилова А.С., Искаков Б.М. Жаһандық нақты жағдайдағы ҚР мемлекеттік бюджетінің атқарылу мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(2):132-139.

For citation:


Berstembaeva R.K., Asilova A.S., Iskakov B.M. Problems of execution of the state budget of the Republic of Kazakhstan in the context of global reality. Bulletin of "Turan" University. 2018;(2):132-139. (In Russ.)

Қараулар: 680


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)