Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесі
Аңдатпа
Мақалада кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесі қарастырылған. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық талдаудың арнайы әдістерін қолдануға болады. Уақыт бойынша (көлдеңен) талдау әдісі есеп берудегі әрбір ұстанған жолды алдыңғы кезеңмен салыстыру болып табылады және ол қаржылық есеп берудің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы динамикасын бағалауға мүмкіндік береді. Құрылымдық (тігінен) талдау әдісі дегеніміз есеп берудің әрбір ұстанған жолының жалпы нәтижеге ықпалын айқындай отырып, қорытынды көрсеткіштердің құрылымын анықтау және оның өзі активтердің құрылымдық өзгерістерін, сондай-ақ оларды жабудың көздерін бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың экономикалық оқылуы бойынша қорытындылар алдын ала жасалады, ол жинақтық сипаттамаға ие және одан әріде өтімділік, төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылықты талдау кезеңдерінде растау мен нақтылауды талап етеді. Баланс өтімділігі онда көрсетілген активтердің өтімділігі бойынша анықталады. Активтің өтімділігі деп оның ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі түсініледі. Өтімділік дәрежесі активтің ақша қаражатына айналуының жүзеге асуы мүмкін болатын уақыт кезеңінің ұзақтығымен анықталады. Егер өтімділік коэффициенттерінің нақты мәні теориялық рұқсат етілген деңгейлерінен аз болса, онда фирма төлемге қабілетсіз ретінде бағаланады және онымен мәмілелер айрықша әуекелділікпен жасалуы мүмкін.
Кілт сөздер
контроллинг,
әдіс,
өтімділік,
қаржы,
баланс,
актив,
міндетеме,
капитал,
қаржылық жағдай,
есеп,
контроллинг,
метод,
ликвидность,
финансы,
баланс,
актив,
обязательства,
капитал,
финансовое состояние,
учет,
controlling,
method,
liquidity,
finances,
balance,
asset,
obligations,
capital,
financial state,
account
Әдебиет тізімі
1. Иванюк Т.Н. Практикум по анализу деятельности предприятия. - Алматы: Университет «Туран», 2014.
2. Пласкова Н.С. Анализ финансовой отчетности, составленной по МСФО. - М.: ИНФРА-М, 2017.
3. Иванюк Т.Н., Оразалинова М.С., Уалжанова А.К. Кәсіпкерлік қызметті талдау бойынша практикум. - Алматы: «Туран» университеті, 2017.
Дәйектеу үшін:
Оразалинова М.С.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(2):177-181.
For citation:
Orazalinova M.S.
Metodology of enterprise final state assessment. Bulletin of "Turan" University. 2018;(2):177-181.
(In Russ.)
Қараулар: 380