Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚР туризм нұсқаушысын оқытуда және аттестатциялауда инновацияларды пайдалану

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының аумағының көп бөлігі табиғи ресурстардан тұрады, оларды белсенді ту­ристік саяхаттарды дамыту арқылы экономикалық мақсатта қолдануға болады, бірақ Қазақстанның туристік фирмалары туризмде білікті нұсқаушылардың жетіспеуі салдарынан өздерінің жұмысында мұндай саяхат­тың аз мөлшерін пайдаланады. Қазақстан дамуының кеңестік кезеңінде мектеп желілері, республикалық деңгей­ден қалалық және облыстық туристік клубтарға дейін туризм нұсқаушыларының оқыту курстары әзірле­ніп, тиімді жүзеге асты. Бұл жүйені қаржыландыруды Қазтурсовет жүзеге асырған. Қазіргі уақытта осындай орталықтандырылған қаржыландыру жоқ, сондықтан туризм нұсқаушыларын оқытудың баламалы жүйесін іздеу өте өзекті мәселе болып табылады. «Тұран» университеті кеңестік тәжірибені ескергенде, 1992ж. бастап көптеген жылдар бойы туризм нұсқаушыларын дайындауда тәжірибе жинап келеді. 2012ж. университет мақ­сат қойды - «Туризм» мамандығы бойынша оқу жоспарының аясында университет студенттері арасынан туризм нұсқаушыларын оқытудың альтернативті жүйесін құру. Осы мақсатқа жету үшін төрт міндет жүзеге асырылды: туризм нұсқаушыларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды реттейтін Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттарын талдау; нұсқаушыларды дайын­дау үшін қажетті оқу құралын жасау; курсанттарды оқыту үшін білікті нұсқаушылар құрамын таңдау; оқып шыққан мамандардың мемлекеттік деңгейде аттестаттау және тіркеу тәртібін анықтау.

Автор туралы

В. Н. Вуколов
НИИ туризма университета «Туран»
Қазақстан


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Вуколов В.Н. ҚР туризм нұсқаушысын оқытуда және аттестатциялауда инновацияларды пайдалану. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(2):194-198.

For citation:


Vukolov V.N. Use of innovations in training and certification of tourism instructors in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2018;(2):194-198. (In Russ.)

Қараулар: 227


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)