Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанда дара кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелері

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада елімізде дара кәсіпкерліктің маңызы мен қажеттілігі, оны ұйымдастыру жағдай­лары жан-жақты қарастырылған. Дара кәсіпкерлік - кәсіпкерлік субъектісі ретінде ең кеңінен тара­ған және қолайлы нысан. Әсіресе, өз ісін жаңадан бастаған шағын бизнес өкілдері дара кәсіпкерлік нысанын таңдайды. Мақалада дара кәсіпкерліктің келесідей бірқатар артықшылықтарын бөліп көрсеткен: бизнесті ұйымдастырудың едәуір қарапайым және арзан тәсілі; басқарудың демократиялығы, нарыққа тез бейімделуі, икемділігі, кәсіпорынның меншік иесіне табыстың толықтай тиесілі болуы, еңбекке деген мотивация мен стимулдың жоғары болуы т.с.с. Дара кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан жүзеге асырылады және бизнесті ұйымдастырудың ең қа­рапайым әдісі болып табылады. Мақалада дара кәсіпкерлікке тән белгі­лер ретінде мынадай сипаттамаларды анықтаған: бастамашылық қызметті білдіреді; табыс та­буға бағытталған; кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген; азаматтардың өз атынан, тәуекелге баруымен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Мақалада дара кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері ашып көрсетілген. Атап айтқанда дара кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі, қолданылатын салықтық жеңілдіктер, яғни арнаулы салық режимін таңдай отырып патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыра алатындығы айтылған. Мақалада бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолдану мүмкіншілігі қарастырылған. Жүргізілген зерттеулер бойынша дара кәсіпкерліктің күшті және әлсіз тұстары жүйеленіп, сәйкес тұжырымдар жасалған.

Автор туралы

Р. Қ. Елшібаев
«Нархоз» университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы: www.akorda. kz.

2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі. 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Заңы: http://adilet.zan.kz/.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы, 2007 жылғы 21 мамырдағы , 2011 жылғы 2 ақпандағы, 2017жылғы 10 наурыздағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: www.constcouncil.kz.

4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер) (2017.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен): http://adilet.zan.kz/.

5. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен): http://adilet.zan.kz/.

6. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-III ҚР Заңы: http://adilet.zan.kz/.

7. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы № 234 заңы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен): http://online.zakon.kz/.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Елшібаев Р.Қ. Қазақстанда дара кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):16-21.

For citation:


Yelshibayev R.K. Issues of organization of individual entrepreneurship in Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):16-21. (In Russ.)

Қараулар: 282


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)