Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың дамуы: жағдайы, мәселелері мен шешу жолдары

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жай-күйі жүйенің болашақтағы жетілдіру бағыттарын талдау және анықтау қажеттілігін куәландырады. Осыған байланысты мақаланың мақсаты ха­лықты әлеуметтік қорғау жүйесін зерттеу, оның дамуындағы негізгі тенденцияларға негізделген жай-күйді талдау және себептерін анықтау, өзекті және перманентті әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құруда және дамытуда туындайтын мәселелерге шолу, на­рық жағдайы мен әлемдік даму тенденциясын ескере отырып, жетілдіру жүйесінің бағыттарын анықтау. Мақалада Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы үлкен эмпирикалық материал негізінде талданған, осы саладағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге шолу жасалған. Зерттеу барысында отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, ресми статистика деректеріндегі материалдар пайдаланылған. ҚР-ның 1996-2016 жж. кезеңдегі халықтың әл-ауқаты мен жай-күйі, еңбек нарығын сипаттайтын нақты қажетті көрсеткіштер талданып берілген. Жүр­гізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша экономиканың қазіргі даму кезеңінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері анықталған, жұмыспен қамту саласындағы экономикалық мәселелерге талдау жасалған. Алынған қорытынды негізінде халықтың әл-ауқатына еңбек нарығының ішкі жағдайы ғана емес, сонымен қатар жаһандық экономикадағы жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі, әлемдік экономиканың жағдайы, халықтың жаппай қартаю тенденциясының күшеюі сияқты сыртқы факторлар әсер ететінін көрсетті. Қо­рытындыда жүргізілген әлеуметтік саясат негізінде облыстағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдірудің басты бағыттары анықталған.

Авторлар туралы

Д. Б. Кулумбетова
Казахско-Русский международный университет (г. Актобе)
Қазақстан


А. С. Снасапина
Казахско-Русский международный университет (г. Актобе)
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Занина О.В. Совершенствование механизмов социальной защиты населения: дис. … канд. экон. наук. - Курск, 2015. - 206 с.

2. Токбаев А.А. Организация социальной защиты населения в Республике Казахстан // Вестник КарГУ. - 2006. - № 1(41). - С. 108-115.

3. Аналитический обзор. Системы здравоохранения: время перемен. Казахстан. Европейская обсерватория по системам здравоохранения. 2000 г. - 75 с. Электронный ресурс. URL: http://www.euro.who.int/__data/assets/pdf_file/0018/95121/E67903R.pdf.

4. Официальный интернет-ресурс Комитета по статистике МНЭ РК. Электронный ресурс. URL: www.stat.gov.kz

5. Симинин Ю.Г., Сычева А.А. О некоторых правовых особенностях построения социального государства в Республике Казахстан // Наука. - 2017. - № 1. Электронный ресурс. URL: http://ksu.edu.kz/files/nauka/3I/2017/1nomer/seminin-sycheva-6.pdf.

6. Законодательство Казахстана on-line о пенсионном, социальном страховании и социальном обеспечении. Информационный сервер xFRK. Информация о законодательстве Республики Казахстан и различных аспектах казахстанского рынка. Электронный ресурс. URL: http://www.pavlodar.com/zakon/?kod=014000000000.

7. Жанатаева У. Проблемы социальной политики Республики Казахстан и пути их решения. Электронный ресурс. URL: http://repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/1403/problem-sociol.pdf.

8. Что изменится в законах Казахстана в 2018 году. Сетевое издание «Zakon.kz». Электронный ресурс. URL: http://www.zakon.kz/4896745-chto-izmenitsya-v-zakonah-kazahstana-v.html.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кулумбетова Д.Б., Снасапина А.С. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғаудың дамуы: жағдайы, мәселелері мен шешу жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):44-50.

For citation:


Kulumbetova D.B., Snasapina A.S. Development of social protection in the Republic of Kazakhstan: state, problems and solutions. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):44-50. (In Russ.)

Қараулар: 1829


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)