Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісін дамыту жолдары
Аңдатпа
Еліміздің тоқыма өндірісін дамытудың тиімділігі оның шитті мақтаны өндірумен айналысатын шаруашылық субъектілер үшін де, мақта өңдеу кәсіпорындары үшін де аса пайдалы екендігімен айқындалады. Себебі, тоқыма өндірісі жүйесінде шитті мақтаны өндірушілер өз өнімін уақытылы және толық мөлшерде өткізуге, ал өңдеу кәсіпорындары өндірістік қуатын толық іске қосуға мүмкіндік алады. Демек, қазіргі дамыған нарықтық қатынастар кезеңінде отандық тоқыма кәсіпорындарының өндірістік-экономикалық әлеуетін шектейтін елеулі тосқауылдар нәтижесі осындай көлемдегі ауқымды міндеттердің шешімін қамтамасыз ете алмауда. Бұл әрине, республиканың Оңтүстік Қазақстан облысындағы қаржылық дәрменсіз тоқыма кәсіпорындарын экономикалық тұрғыдан жетілдіру процестерін тежейді. Сондықтан бұл мақалада өндірістің жұмысынан жақсы экономикалық нәтиже алу үшін оның ауқымын кеңейтіп, кәсіпорындардың мақта-тоқыма саласына мамандануын тереңдету, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру, ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруге инвестиция тартудың басым бағыттарын анықтау мәселелері зерттеледі. Өйткені тоқыма өндірісін дамыту жекелеген компаниялар мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Отандық экономиканың тоқыма өнімдерінің импортына тәуелділігін жою шартымен «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағын іске асыру ондағы өнім сапасы мен түрлерін жақсарту есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, кәсіпорындардың технологиялық артта қалу мәселесін түпкілікті шешуге, өндіріс шығындарын азайтуға, әлемдік экономикаға ену процесін жылдамдатуға елеулі мүмкіндік береді.
Тірек сөздер
ауыл шаруашылығы,
мақта,
кластер,
өндірістік кешен,
өнеркәсіп,
технология,
әлеует,
бәсекеге қабілеттілік,
сельское хозяйство,
хлопок,
кластер,
промышленный комплекс,
промышленность,
технология,
потенциал,
конкурентоспособность,
agriculture,
cotton,
cluster,
industrial complex,
industry,
technology,
potential,
competitiveness
Автор туралы
Г. Р. Момбекова
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Акимбекова Г.У. Развитие кластерной системы в АПК Казахстана // Проблемы агрорынка. - Алматы. - 2006. - № 3. - С. 109.
2. «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының ҮИИД МБ аясындағы қызмет көрсеткіштері // Егемен Қазақстан. - 2014. - Қазан. - № 31. - Б. 12.
3. Оңтүстікте он екі жоба сәтті жүзеге асырылуда. - 2014, қараша - 6: https://i-news.kz/news/2014/.
4. Холдинг қолтығынан демеген. «Oxy Textile» жіп иіру фабрикасы жұмысын бастады // Егемен Қазақстан. - 2015. - № 48(28526). - Наурыз 13. - Б. 1.
5. Алимбаев А.А., Таубаев А.А. Усиление роли кластеров инновационно-технологическом развитии региона // Проблемы обеспечения конкурентоспособности экономики Казахстана: материалы международной научно-практической конференции. - Кокшетау, 2005. - С. 11-13.
6. Mombekova G., Turysbekova G., Baimbetova A. Managing Innovational Processes at Cotton Processing Enterprises in Central Asia Countries // International Journal of Economics and Financial Issues. - Turkey. - 2016. - P. 1-8.
Дәйектеу үшін:
Момбекова Г.Р.
Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма өндірісін дамыту жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(3):77-82.
For citation:
Mombekova G.R.
Ways of developing textile industry of the South-Kazakhstan region. Bulletin of "Turan" University. 2018;(3):77-82.
(In Russ.)
Қараулар:
336