Кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылық бақылаудағы мәселелер мен оны шешу жолдары
Аңдатпа
Әр мемлекеттегі маңызды функциялардың бірі - қаржылық бақылау, бұл атқарушы биліктің мемлекетті басқаруында, сондай-ақ кәсіпорындар күнделікті қызметінде экономикалық жəне құқықтық нормалар мен ережелерді қаншалықты сақтайтынында көрініс табады. Қазақстан үшін де қаржылық бақылау жүйесін ұйымдастыру мәселелері айтарлықтай өзекті және елеулі болып табылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау іс жүзінде мемлекеттің қаржылық саясатын және қауіпсіздігін тиімді әрі табысты іске асыруға және экономиканың барлық салаларында ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл функцияны іс жүзінде мемлекеттік аудит арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудағы тұжырымдамалық бағдар мен мемлекеттік аудитті жүргізу қаржылық жүйеде реформалау процесінің тұрақты үдерісі болып табылады. Бүгінгі күні өзектілердің бірі болып мемлекеттік аудитті енгізудегі тұжырымдамалық бағдар мен мемлекеттік қаржылық бақылауды нақтылы жүйедегі реформалау процесінің басталғаны болып табылады. Қазақстан үшін мемлекеттік аудит олардың қызметтеріндегі барлық бағыттарда тәуекелділікті басқару бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар негізінде ұсыныс берілуімен және қаржылық мәселелерді, аудит обектілерінің қызметтерінің тиімділігін толық және тәуелсіз бағалау ретінде көрінеді. Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мемлекеттің активтері мен бюджет қорларын пайдалану туралы ақпаратты заңнамалық қағидаларға сәйкес қарастыруы керек, объективті және дәлелді болуымен, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің қызметтерінің тиімділігімен ерекшеленуі керек.
Кілт сөздер
қаржылық бақылау,
мемлекеттік аудит,
стандарттар,
есептілік,
мемлекеттік сектор,
проблемалар,
үдерістер,
нәтижелілік,
финансовый контроль, государственный аудит, стандарты, отчетность, государствен­,
ный сектор, проблемы, тенденции, результативность,
financial control,
state audit,
standards,
reporting,
state sector,
problems,
tendencies,
resulting quality
Авторлар туралы
М. Қ. Әлиев
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана қ.)
Қазақстан
М. А. Алтынбеков
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана қ.)
Қазақстан
Г. С. Түсібаева
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Астана қ.)
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 г. № 95-IV (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.04.2015г.): /http://adilet.zan.kz.
2. Рабочие материалы Счетного комитета, использованные при подготовке проекта Концепции внедрения государственного аудита в Республике Казахстан. - Астана, 2013.
3. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства»: http://www.akorda.kz/ru/official_documents/strategies_and_programs.
4. Финансово-экономический журнал «Государственный аудит». - 2016. - № 3(32).
5. Интернет-ресурс Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета: http://esep.kz/rus.
Дәйектеу үшін:
Әлиев М.Қ.,
Алтынбеков М.А.,
Түсібаева Г.С.
Кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылық бақылаудағы мәселелер мен оны шешу жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):85-90.
For citation:
Aliev M.K.,
Altynbekov M.A.,
Tusybaeva G.S.
Problems of state financial control of enterprises and ways of solutions. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):85-90.
(In Russ.)
Қараулар: 232