Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Кәсіпорында инновациялық үрдісті басқару: негізгі қағидалары және даму бағыттары

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада автор инновациялық үрдістің мәнін инновацияны бастауға, жаңа өнімдер мен операциялар­ды дамытуға және оларды нарықта жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттердің дәйектілігі ретінде ұсынылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Қазіргі кезеңде кəсіпорындардың инновациялық дамуына көп көңіл бөлінуі керек. Мақалада басқару тетіктері және олардың инновациялық үрдістерге әсерін зерттеу мәселелеріне қа­тысты шетелдік және отандық әдебиеттеріне талдау жүргізілді. Аймақтың кәсіпкерліктегі инновация­лық үрдістерді басқаруды зерттеу аса өзекті болып отыр. Инновациялық қызметтің басқару жүйесін талдау мен жетілдіруге арналған тұжырымдамалық тәсіл ұсынылып, инновацияның ерекшеліктерін және оны жү­зеге асыру үрдістерін, сондай-ақ олардың пайда болуының бастапқы жағдайларын және экономикалық тиім­ділікті қамтамасыз ететін факторларды ескере отырып ұсынды. Жаңалық пен ғылымды, технологияны, тех­никаны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көз­делген. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш - оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты -инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық үрдістерге бет бұру. Автордың ұсынған инновациялық үрдістерді басқару тетіктері аймақтың басым мақсаттары мен міндеттерін шешуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өңіраралық және халықаралық нарықтарға кіруге ықпал етеді.

Автор туралы

А. С. Темиргалиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050». Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 14.12.2012.

2. Бердалиев К.Б., Саткалиева Т.С., Сейтказиева А. Инновациялык менеджмент. - Алматы, 2010. - 326 б.

3. Пятецкий В.Е. Управление инновационными процессами: методологические основы и принципы инновационного менеджмента в управлении предприятиями: учеб. пособие. - М.: Изд. дом МИСиС, 2012. - 152 с.

4. Управление инновационными процессами в современной экономике: коллективная монография под общей редакцией д.э.н., профессора Шманева С.В. - Воронеж: Научная книга, 2011. - 101 с.

5. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: учебник. - 6-е изд., испр. и доп. - СПб., 2011. - 448 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Темиргалиева А.С. Кәсіпорында инновациялық үрдісті басқару: негізгі қағидалары және даму бағыттары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):169-175.

For citation:


Temirgalieva A.S. Management of the innovative process at entersprises: basic principles and directions of development. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):169-175. (In Russ.)

Қараулар: 219


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)