Қазақстанның экономикалық саясатында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңызы
Аңдатпа
Кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жеке инвесторлардың әлеуетін іске асыруға және дамытуға, институционалдық инвесторлардың қаражатын тартуға және экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты осы саладағы зерттеулер өте өзекті. Бұл мақалада ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының негізінде мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық міндеттері талқыланды. Автор мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің нысандарын және оны Қазақстан Республикасында жүзеге асыруға арналған құралдарын, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктердің жіктелуін қарастырды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудың құқықтық қолдану тәжірибесін әрі қарай кеңейту мақсатында Қазақстан осы саладағы құқықтық және институционалдық базаны жетілдіру қажет. Қазақстандағы МЖӘ дамытудың мүмкіндіктері қарастырылған, оның дамуына ықпал ететін факторларға тоқталып өтті. Экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатын және салалық стратегия МЖӘ тетігін пайдалану арқылы зерттелді. МЖӘ-нің бай тәжірибесі бар және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда мемлекет тарапынан тұрақты пайдаланылатын елдермен салыстырғанда, Қазақстанның тәжірибесі жеткіліксіз. Жеке меншік және мемлекеттік секторлар арасындағы жеке қаржыландыру және әлеуметтік инфрақұрылымды басқару үшін ұзақ мерзімді қарым-қатынастар негізінде МЖӘ механизмі зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік бағдарланған инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған МЖӘ тұжырымдамасы бар тұжырымдар жасалды.
Тірек сөздер
мемлекеттік-жекешелік әріптестік,
ынтымақтастық,
инновациялық тетіктер,
инвесторлар,
экономикалық саясат,
әлеует,
тұжырымдама,
public-private partnership,
cooperation,
innovative mechanisms,
investors,
economic policy,
potential,
concept,
государственно-частное партнерство,
сотрудничество,
инновационные механизмы,
инвесторы,
экономическая политика,
потенциал,
концепция
Автор туралы
Е. М. Әбенов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы: https://strategy2050.kz/kz/.
2. Шатердикова А. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік-жекешелік әріптестік // Қазақстандық «Панорама» апталық газеті. - 2012. - № 32. - 17 августа.
3. Кобетов А. Қазақстан Республикасында республикалық маңызы бар МЖӘ. - Алматы: Экономика, 2016. - 124 б.
4. Тұрысов К.Т. Инновациялық жүйелердегі мемлекеттік-жекешелік серіктестік. - Алматы: Экономика, 2012. - 298 б.
5. Мамыров Н.К. Экономикадағы МЖӘ дамыту. - Алматы, 2016. - 341 б.
6. Ташимов Т. Қазақстандағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - жобалар мен нысандар: http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1204032180.
Дәйектеу үшін:
Әбенов Е.М.
Қазақстанның экономикалық саясатында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңызы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):176-180.
For citation:
Abenov E.M.
Importance of state-private partnership in the economic policy of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):176-180.
(In Russ.)
Қараулар:
246