Цифрлық технологиялар мен латын жазуына көшудің отандық білім беру жүйесіндегі маңызы
Аңдатпа
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес негізгі стратегиялық бағыттар бойынша нақты іс-әрекеттердің алгоритмі зерделенген. Инновациялық технологиялар мен зияткерлік жүйелер экономиканың барлық салаларына енгізіліп, ол өнімділіктің өсуіне және халықаралық деңгейде бәсекелестіктің артуы арқылы экономиканың дамуына серпін беретіндігі, цифрлы мемлекетке өту үрдісінде «қағазсыз технологияға» көшу, байланыс желілерімен қамтуды кеңейту және киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығы көрсетіледі. Адам капиталын жетілдіруде табысқа жетудің негізгі құпиясы - білім беру мен кадр даярлаудың тиімді жүйесін құру арқылы өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізе білу, көптеген озық технологияларды меңгеру қажет. Аталған бағытта жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін сапалы кадрлық әлеует құру қажет. Сол себепті білім беруде цифрлы сауаттылықты арттыру, ақпаратты технологияларды енгізуді жылдамдатуда мамандарды цифрлы технологиялар бойынша жаппай оқыту қажет. Алдағы уақытта жаңа технологиялар кейбір мамандықтардың жойылуына әкеліп соқпақ, ал жаңа мамандықтарға ақпараттық технологияларға әсер ететін үлкен деректер технологиясы, робот техникасы, нанотехнология мамандарына сұраныс артып келеді. Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажеттілігі көрсетілген. Қазіргі кезде айрықша маңызды мәселелердің бірі-латынжазуына көшу. Мақалада оның қандай мәселерді шешуге мүмкіндік беретіндігі, латын әліпбиіне көшудің экономиканы цифрландырумен байланысы, компьютерлік технологияларды игеру мен қолданудағы оң ерекшеліктері көрініс тапқан.
Кілт сөздер
цифрландыру,
цифрлы мемлекет,
киберқауіпсіздік,
адам капиталы,
үлкен деректер,
робот техникасы,
қазақ әліпбиі,
латын графикасы,
digitalization,
digital state,
cybersecurity,
human capital,
big data,
robotics,
Kazakh alphabet,
Latin graphics,
цифровизация,
цифровое государство,
кибербезопасность,
человеческий капитал,
большие данные,
робототехника,
казахский алфавит,
латинская графика
Автор туралы
Қ. С. Аяжанов
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». 2018 ж. 10 қаңтар.
2. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 2017 ж. 12 сәуір.
3. Аяжанов С.С. Интернетсіз ілгері жылжу жоқ // Азия транзит. - 1998. - № 5.
4. Мұқанова Ә. «Ақылды», цифрлы, жайлы өмірге ұмтылу керек // Егемен Қазақстан. - 2017. - 25 желтоқсан.
5. Шаукенова З. Болашақты бағдарлаған құжат // Егемен Қазақстан. - 2017. - 12 қаңтар.
6. Аяжанов С.С. Компьютерлік технологиялар саласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселелері // Современный рынок услуг: отношения и конкурентоспособность торгового обслуживания: материалы международной научно-практической конференции. - Караганда, 2007.
Дәйектеу үшін:
Аяжанов Қ.С.
Цифрлық технологиялар мен латын жазуына көшудің отандық білім беру жүйесіндегі маңызы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2018;(4):240-244.
For citation:
Ayazhanov K.S.
Importance of digital technology and transition to the Latin alphabet in the native educational system. Bulletin of "Turan" University. 2018;(4):240-244.
(In Russ.)
Қараулар: 217