Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндіріс факторларын бағалау

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-47-54

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада авторлар Батыс Қазақстан облысының аграрлық секторы мысалында өндіріс факторларының – еңбек, жер, капитал ресурстары және кәсіпкерлік қабілеттерінің әсерін қарастырды. Мақаланың мақсаты – өндірістің қолда бар факторлары және оларды пайдалану нәтижелері бөлігінде өңірдің ауыл экономикасы жай-күйінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізу. Зерттеу объектісі өндіріс факторларымен қалыптасатын ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастар болып табылады. Зерттеу пәні – аймақтың аграрлық қызметінің экономикалық нәтижелері. Зерттеу жүйелік тәсілге негізделген. Зерттеу кезеңі – 2015– 2019 жылдар. Өндіріс процесі барлық факторлардың өзара байланысында қарастырылады. Батыс Қазақстан облысы халқының көрсеткіштері зерттелді. Өңірдің жұмыс күшіне талдау жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы арасындағы арақатынас қаралды. Негізгі өндірістік қорлардың жағдайы және ұдайы өндіріс үрдістері анықталды. Өндірістің өңірлік факторларын бағалауды зерттеу ауыл шаруашылығы кешенінің, қол жеткізілген көрсеткіштердің, болжамды дамудың табиғи, күрделі, адами ресурстармен қамтамасыз етілуімен өзара байланысы мәселесін өзектендіреді. Жұмыс күшінің саны өсті, негізгі құралдардың жай-күйі мен қозғалысының көрсеткіштері оң серпінге ие, кәсіпкерлік институты дамуда. Батыс Қазақстан облысы едәуір ауыл шаруашылығы ресурстарына ие, бұл мультипликативтік ынталандырушы әсер есебінен өңірдің әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

Г. К. Курманова
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Орал қ.



Б. Б. Суханбердина
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Орал қ.



А. А. Ким
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Орал қ.



Б. А. Уразова
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Қазақстан

э.ғ.м., аға оқытушысы

Орал қ.



Әдебиет тізімі

1. Ибыжанова А.Д., Таршилова Л.С. Оценка факторов развития сельского хозяйства Казахстана // Вестник КазЭУ. – 2016. – № 6. – С. 142–149.

2. Таршилова Л.С., Ибыжанова А.Д. Факторный анализ территориальной организации сельского хозяйства Западно-Казахстанской области // Фундаментальные исследования. – 2016. – № 9–3. – С. 639– 643: – URL: http://fundamental-research.ru/ru/article/view?id=40797 (дата обращения: 17.02.2021).

3. Сорокина Л.И., Кунафина Г.Т., Удовицкая Е.Ю. Производственные ресурсы как основа инновационного подхода в модернизации производства предприятия // Научный журнал «Вестник университета «Туран». – 2020. – № 3(87) – С. 42–48.

4. Камысбаев М.К., Омарбакиев Л.А., Низамдинова А.К. Состояние занятости в аграрном секторе экономики Казахстана // Научный журнал «Вестник университета «Туран». – 2019. – № 4(84). – С. 118– 123.

5. Демографический ежегодник Западно-Казахстанской области. – Орал, 2020. – 108 с.

6. Белокопытова А.В. Совершенствование закрепляемости молодых кадров в аграрном секторе экономики // Экономика труда. – 2015. – Т. 2. – № 4. – С. 255–266.

7. Занятость в Западно-Казахстанской области. Статистический сборник. – Орал, 2020. – 56 с.

8. Социально-экономическое развитие Западно-Казахстанской области. – январь–октябрь 2020 г. – Орал, 2020. – 57 с.

9. Сельское, лесное и рыбное хозяйство в Западно-Казахстанской области. – 2015-2019. – Орал, 2020. – 106 с.

10. Кошкина О.В., Кошкина Н.В. Актуальные проблемы трансформации капитала на современном этапе развития финансового рынка в Казахстане // Научный журнал «Вестник университета «Туран». – 2018. – № 2(78). – С. 147–153.

11. Основные фонды Западно-Казахстанской области. – Орал, 2020. – 53 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Курманова Г.К., Суханбердина Б.Б., Ким А.А., Уразова Б.А. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндіріс факторларын бағалау. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(1):47-54. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-47-54

For citation:


Kurmanova G.K., Sukhanberdina B.B., Kim A.A., Urazova B.A. The evaluation of production factors in the agriculture of west Kazakhstan region. Bulletin of "Turan" University. 2021;(1):47-54. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-47-54

Қараулар: 552


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)