Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Үш жылдық бюджет параметрлеріне сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландырудың негізгі бағыттары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-73-79

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада 2020 жылғы 2 желтоқсанда бекітілген 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері Қазақстан Республикасының 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индикаторларының негізінде және 2020 жылға нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын есепке ала отырып қарастырылған. Еліміздің экономикасын дамытудың базалық сценарий негізінде республикалық бюджетті қалыптастыру мәселелерге ерекше көңіл бөлінген. Барлық функционалдық топтар бойынша республикалық бюджеттің шығындарын қаржыландыру мен бюджеттік несиелендірудің көлеміне, құрылымына және бағыттарына салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Негізгі бюджеттік бағдарламаларымен бірге қоса ауыл шаруашылығы және онымен байланысты салаларды қаржыландыруы жеткілікті түрде егжей-тегжейлі қарастырылған. Негізгі бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырудың біршама төмендегені атап өтілді. 2023 жылға арналған қаржылық қызметтердің қолжетімділігін, білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру сияқты бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлу мүлде көзделмейді. Бюджеттік кредиттеу шамасының бір мезгілде төмендеуімен бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруы өсуге емес, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің төмендеуіне алып келуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Авторлар туралы

Р. М. Жунусова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Нұр-Сұлтан қ.



Г. Б. Утибаева
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Нұр-Сұлтан қ.



Д. Т. Ахметова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Нұр-Сұлтан қ.



Әдебиет тізімі

1. Прогноз социально-экономического развития Республики Казахстан на 2021-2025 годы, одобренный на заседании Правительства РК, протокол № 31 от 25 августа 2020 года. [Электронный ресурс]. 2020. – URL: http://www.akorda.kz (дата обращения 20.12.2020).

2. Musgrave Richard A. (1959). The Theory of Public Finance. New York: McGraw-Hill. 78 «Тұран» университетінің хабаршысы» ғылыми журналы 2021 ж. № 1(89)

3. Richard Tresch (2014). Public Finance, Academic Press. California.

4. James D. Gwartney (2008). “Economics: Private & Public Choice, 11th Edition, South-Western College, USA.

5. Reynolds, Morgan, Eugene Smolensky (1977), Public Expenditures, Taxes, and the Distribution of Income, Academic Press, New York.

6. Shenggen Fan (2008). Lessons from Developing Countries. Public expenditures, growth, and poverty, Issue Brief 51.

7. Aesenio Balisacan, Ujjayant Chakravorty Majah-Leah Ravago (2014). Sustainable Economic Development, Academic Press, NY.

8. Закон РК «О республиканском бюджете на 2021-2023 годы» от 2 декабря 2020 года № 279-VI ЗРК. [Электронный ресурс]. 2020. – URL: http://www.akorda.kz (дата обращения 20.12.2020).

9. Выступление министра национальной экономики Даленова Р.Е. по ПСЭР РК на 2021–2025 годы на заседании Мажилиса РК (21 октября 2020 года).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жунусова Р.М., Утибаева Г.Б., Ахметова Д.Т. Үш жылдық бюджет параметрлеріне сәйкес ауыл шаруашылығын қаржыландырудың негізгі бағыттары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(1):73-79. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-73-79

For citation:


Zhunussova R.M., Utibayeva G.B., Akhmetova D.T. Main directions of financing agriculture in accordance with the parameters of the three-year budget. Bulletin of "Turan" University. 2021;(1):73-79. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-73-79

Қараулар: 458


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)