Қазақстанның телекоммуникациялық нарығын талдау және оның тиімділігін анықтайтын факторлар
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-166-171
Аңдатпа
Цифрландыру үрдісінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде цифрлық экономиканың негізгі инфрақұрылымдық элементтерінің бірі телекоммуникациялық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан, мақала телекоммуникацияның дамуын және олардың дамуына әсер ететін факторларды зерттеуге арналған. Мақалада экономикадағы телекоммуникациялық қызметтердің рөлі мен қазіргі мәні ашылды. Телекоммуникациялық қызметтер нарығына соңғы үш жылдардағы даму көрсеткіштері статистикалық талдау жасалынып бірқатар мысалдармен толықтырылған. Телекоммуникация нарығының әртүрлі сегменттерінің өсу серпінін және аймақтар бойынша Қазақстанның ең ірі аумақтарына статистикалық мәліметтер негізінде бірқатар талдауына мысалдар келтірілген. Қалалардағы және ауыл аймақтардағы желі қолданушылардың пайыздық үлесін көрсеткен. Сондай-ақ, оның негізінде телекоммуникациялық қызметтер нарығындағы біршама кемшіліктерді атап, оның арғы қарайғы дамуына қажеті іс-шараларды атап өткен. Сондай-ақ, мақалада, аталған саланың тиімділік көрсеткіштері ұсынылған. Ұсынылған тиімділік факторлары үш негізгі категорияға негізделіп келтірілген: біріншіден, экономиканың телекоммуникациялық секторының бизнес-климаты бойынша, екіншіден, адами капитал негізіндегі факторлар деп қарастырған, үшіншіден, телекоммуникация саласындағы елдің дамуындағы мемлекеттік реттеуді негізге ала отырып бірқатар факторларды келтірген. Сондай-ақ, әртүрлі өлшемдерге байланысты телекоммуникациялық қызметтер нарығы функциясының тиімділігін анықтайтын факторлар жүйеленді. Салада болып жатқан қазіргі заманғы үрдістер анықталды және дамудың бірқатар ықтимал нұсқалары тұжырымдалды. Телекоммуникациялық қызметтерді дамыту факторларын талдау телекоммуникациялық қызметтерді дамыту мен қалыптастыруға барынша мән беретін негізгі элементтерді анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеліп қарастырылған тақырып қазіргі таңда, әсіресе 2020 ж. пандемия жағдайында өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Авторлар туралы
Д. И. РазаковаҚазақстан
э.ғ.к.
Алматы қ
С. Ш. Оралова
Қазақстан
докторант
Алматы қ
Әдебиет тізімі
1. Байланыс кәсіпорындарындағы ақша ағындарын оңтайландыру // Қаржы және несие. – 2007. – № 23(263). – 59–70 б.
2. Попова Т.Н. Телекоммуникациялық қызметтердің әлемдік нарығының даму тенденциялары // Дальрыбвтуза хабаршысы. – 2014. – № 3. 94–98 б.
3. Ақпараттық коммуникациялық бизнестегі маркетингтік тұжырымдамалардың эволюциясын зерттеу // t-comm: телекоммуникация және көлік. – 2015. – Т. 9. – № 9. – С. 72–75.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, 2018.
5. Проскура Д.В., Проскура Н.В., Мурашова Н.А., Зайцев Д.А. Телекоммуникациялық қызметтердің инновациялық дамуы жағдайында ақпараттық қоғамның қалыптасуы. – Төменгі Новгород, 2013. – 177 б.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Разакова Д.И., Оралова С.Ш. Қазақстанның телекоммуникациялық нарығын талдау және оның тиімділігін анықтайтын факторлар. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(1):166-171. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-166-171
For citation:
Razakova D.I., Oralova S.Sh. The analysis of Kazakhstan telecommunications market and factors determining its effectiveness. Bulletin of "Turan" University. 2021;(1):166-171. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-166-171