2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының және сыртқы күйзелістерге ден қоюдың трансмиссиялық тетігі
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-179-185
Аңдатпа
Мақалада ақша-несие саясаты және Қазақстанның Ұлттық Банкінің трансмиссиялық механизмінің ерекшеліктері мен қазіргі жағдайы қарастырылады. Трансмиссиялық механизм қазіргі экономиканы дамыту мақсатында қойылатын міндеттерге жетудің құралы болып саналмайды. Бұл механизм экономикалық процестердегі өзара байланыстар жиынтығы, соның арқасында ақша-несие саясаты шеңберіндегі шешімдердің немесе операциялардың нәтижелері экономикаға әсер етеді. Осыған байланысты, мақалада инфляция деңгейі және оның тауарлар мен қызметтерге баға деңгейіне әсері баяндалады. ҚР ҰЭМ тұтыну тауарлары мен қызметтері қоржынындағы бағаларды талдау негізінде есептелетін инфляцияны есептеу үшін тұтыну бағалары индексін пайдалану жағдайы нақты талданады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты үшін өміршең бағдарды көрсететін макроэкономикалық және микроэкономикалық факторлар тұтыну бағаларының индексінің деңгейіне әсер етеді. Шешімдер қабылдау мақсатында ҚРҰБ инфляция бойынша болжамдарды анықтау үшін зерттеулер жүргізеді. Инфляциялық күтулер экономикаға ықтимал әсерді бағалауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда, мақалада ҚРҰБ инфляциясының нысаналы деңгейіне мынадай арналар (базалық бағам, айырбас бағамы және ақша массасы) арқылы қол жеткізілетіндігі туралы айтылады. Қорытындыда бүкіл әлемдегі жаһандық пандемияны ескере отырып, ҚРҰБ экспансионистік ақша-кредит саясатын және базалық мөлшерлемені төмендету, ақша массасын ұлғайту және валютаны тұрақтандыру туралы шешімдерді көруге болатындығына негізделген.
Кілт сөздер
Авторлар туралы
Г. Г. ИльясоваҚазақстан
докторант
Алматы қ.
З. Н. Абиева
Қазақстан
э.ғ.к., аға оқытушы
Алматы қ.
Г. А. Пернеева
Қазақстан
э.ғ.к., аға оқытушы
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. ARDFM (January 30, 2020) The Agency held a round table on the development of the securities market. Retrieved from: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details /40363?lang=ru.
2. Orazalin R. (2018) Transmission mechanism of monetary policy of Republic of Kazakhstan. Economic Research of Department of Research and Statistics №2018-3, https://www.finreg.kz/?docid=3331&switch=english.
3. European Central Bank (June 2020) Monetary policy and its transmission in globalizedworld, https://www. ecb.europa.eu/press/accounts/2020/html/ecb.mg200625~fd97330d5f.en.htm.
4. Morgan J.P. (October 2020) Global economic growth slows but remains solid in September, https://www. markiteconomics.com/Public/Home/PressRelease/4b4f4ce62206bfb.
5. World Gold Council (2020) Global economic trends and their impact on gold, http://www.goldandtime.org/ pdf/Outlook2020.pdf.
6. National Bank of Republic of Kazakhstan (September 2020) Monetary Policy Report, https://www.bis.org/ publ/bppdf/bispap113.pdf.
7. National Bank of Republic of Kazakhstan (July 2020) Financial Stability Report, https://www.oenb.at/en/ Publications/Financial-Market/Financial-Stability-Report.html.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ильясова Г.Г., Абиева З.Н., Пернеева Г.А. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының және сыртқы күйзелістерге ден қоюдың трансмиссиялық тетігі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(1):179-185. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-179-185
For citation:
Ilyassova G.G., Abiyeva Z.N., Perneyeva G.A. Transmission mechanism of monetary policy and response to outside shocks in 2020 by National Bank of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(1):179-185. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-179-185