Қазақстан Республикасындағы салық саясатын және салық заңнамасын жетілдірудің кейбір мәселелері
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-209-212
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның салық салу жүйесі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің негізгі көзі болып қала беретіні атап өтілді. Соңғы бірнеше жыл ішінде экономиканың өсуі, негізгі экспорттық тауарларға қолайлы бағалар ел бюджетіне салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етті. Абсолютті цифрларда салықтан түсетін түсімдер жыл сайын 1 трлн теңгеге ұлғайды. Алайда, ЖІӨ-ге қатысты салық түсімдерінің үлесі айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр, бұл бюджет үшін қосымша кіріс көздерін іздеудің және салық салынатын базаны кеңейтудің қолда бар резерві туралы айтады. Бюджеттің мұнай секторына тәуелділігі бар – салықтардың 80%-ы өндіруші компаниялардан келеді. Экономиканың өзге де мұнай емес секторлары салықтардың 20%-ын ғана береді. Осыған байланысты экономиканы әртараптандыру, оның ішінде салық саясаты мен салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі саясатты жүргізу қажет. Бұған салық түсімдерімен бірге салық саясаты көрсеткіштеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізу және оларды түзету, салық заңнамасын жетілдіру және салықтық әкімшілендіру сапасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Автор туралы
Ә. Б. СәдуақасовҚазақстан
докторант
Нұр-Сұлтан қ.
Әдебиет тізімі
1. Дадашев А.3. Налоговая политика государства: цели, структура, перспектива. Все для бухгалтера. – 2006. – № 16. – 20 с.
2. Тарарышкина Л.И. Таможенные платежи: пособие. – Минск: БГУ. – 2014.
3. Колпакова Г.М. Теория налогов: закономерности формирования и государственного регулирования. – М.: Финансы и статистика. – 2002.
4. Базюк Н.Ю. Налоговая политика Казахстана: пути стремления, ветви развития. Актуальные вопросы экономических наук. – 2017. – № 57.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Сәдуақасов Ә.Б. Қазақстан Республикасындағы салық саясатын және салық заңнамасын жетілдірудің кейбір мәселелері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(1):209-212. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-209-212
For citation:
Sadvokassov A.B. Some issues of improving tax policy and tax legislation in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(1):209-212. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-1-209-212