Қазақстан экономикасының өсуіне инновациялық даму мен ғылыми-зерттеу қызметінің әсері
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-81-87
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – Қазақстан экономикасының өсуіне инновациялық даму мен ғылыми-зерттеу қызметінің әсері туралы мәселені қарастыру. Жаһандану кезеңінде әлемде елдер арасындағы бәсекелестік ғылым, өндіріс және технология саласында көбірек байқалды. Бұл тұрғыда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ұлттық экономиканың технологиялық инфрақұрылымын тиімді пайдалану маңызды болып табылады. Дамыған елдер экономиканың өсуіне оң ықпал ететін, инновациялық, ғылыми-зерттеуге мол көлемде қаржы бөліп, өнімнің сапасы мен стандарттарын арттырады және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Соңғы жылдары ҒЗТКЖ мен экономикалық өсудің арақатынасы өзекті мәселе. Жаңа өнім, үрдіс, білім нәтижесі болатын ғылыми-зерттеу жұмыстары техникалық дамудың қайнар көзі. Бұл мақалада еліміздің экономикасының өсуіне оң ықпал ететін инновация мен ҒЗТКЖ-нің даму деңгейі бағаланып, әлемдегі басқа дамушы елдердің көрсеткіштерімен салыстырылып, саладағы жетістіктерге жету үшін ұсыныстар қарастырылды. Инновациялық кәсiпорындардың өнiмдерiне, еліміздің ЖІӨ-нің артуына қол жеткізуді мақсат етіп қою үшін, міндетті түрде ғылымға негізделген экономикаға бет-бұрыс жасау қажет. Мемлекеттiк тапсырыс беру арқылы олардың нарығын мақсатты түрде қалыптастыру үшін ынталандыру саясатын жүргізілуі қажет. Қазақстанның экономикасы басқа озық елдердің экономикамен бәсекеге қабілетті болуы үшін, инновациялық кәсiпорындарды, оның iшiнде кәсiпкерлiк инновациялық орталықтарды, технологиялық парктердi, технологиялық қолдау орталықтарын дамытуға құқықтық, қаржылық, маркетингтiк, экономикалық және басқа қызметтер көрсету арқылы іске асыруға мүмкіндіктер мол.
Авторлар туралы
А. О. СыздықоваҚазақстан
PhD.
Түркістан қ.
Г. Ж. Азретбергенова
Қазақстан
э.ғ.к., доцент.
Түркістан қ.
С. С. Ыдырыс
Қазақстан
э.ғ.д., профессор.
Түркістан қ.
Әдебиет тізімі
1. Ferreira Vitor, Lisboa Ana. Innovation and Entrepreneurship: From Schumpeter to Industry 4.0. In: Applied Mechanics and Materials. Trans Tech Publications Ltd, 2019. Р. 174–180.
2. Global Innovatıon Index 2020. [Электронды ресурс]: https://www.wipo.int/edocs/pubdocs/en/wipo_pub_gii_2020.pdf (қол жеткізу күні: 10.09.2020).
3. Абдыкерова Г.Ж. Инновационная деятельность в Казахстане на современном этапе и перспективы ее развития // Региональный Вестник Востока. – 2012. – №3. – С. 73–80.
4. Global Research and Development Expenditures: Fact Sheet. [Электронды ресурс]: https://fas.org/sgp/crs/misc/R44283.pdf (қол жеткізу күні: 10.09.2020).
5. World Bank, World Development Indicators. [Электронды ресурс]: https://databank.worldbank.org/ (қол жеткізу күні: 20.09.2020).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Сыздықова А.О., Азретбергенова Г.Ж., Ыдырыс С.С. Қазақстан экономикасының өсуіне инновациялық даму мен ғылыми-зерттеу қызметінің әсері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(2):81-87. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-81-87
For citation:
Syzdykova A.O., Azretbergenova G.Zh., Ydyrys S.S. Influence of innovative development and scientific research activities on the growth of Kazakhstan economy. Bulletin of "Turan" University. 2021;(2):81-87. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-81-87