Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімінің экономикалық тетіктері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-114-120

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – бір елдің және атап айтқанда, Қазақстанның шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімінің экономикалық тетіктерін зерттеу. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімін және елді азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету күрделі әрі өзекті мәселе болып отыр, оған өндірісті, ұлттық ауыл шаруашылық нарықтарындағы конъюктурасының сұрақтары, төлем және бәсекеге қабілеттілігі, ауыл шаруашылық өнімдерінің жылдық көлемі, жылдық түсім көлемін арттыру, азық-түлік тауарларын тұтынушыларға дейін жетуім қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық саласын реттеудегі заңдар және т.б. Ауыл шаруашылығының әлуетін елдің азық-түлік қауіпсіздендірілу деңгейімен байланыстырылады. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарыққа шығу тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлерге тиімді жағдай жасауға, отандық өнімдерді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен қоса, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығының, балық шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешен өнімін қайта өңдеуді және тағам өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау арқылы аймақтардағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін жоғарылатуға, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жабдықтау мен басқада қосалқы қызмет салаларын қамтамасыз етуге, аймақтық жерлердегі әлеуметтік және инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Мақала авторлары агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бөлігі ауыл шаруашылығы болатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығы – халықты азық-түлік өнімдерімен қамсыздандыруға бағытталған және шаруашылық саласына қажетті шикізатпен қамсыздандыру саласы болып табылады. Ол тек агроөнеркәсіп кешенінде ғана емес барлық елдің ұлттық шаруашылығында маңызды орынға ие. Ауыл шаруашылығы – материалдық өндіріс саласының ең маңызды бөлігі. Ауыл шаруашылығы елді азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттын кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді.

Авторлар туралы

С. С. Тлеубердиева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

PhD, доцент.

Нұр-Сұлтан қ.



А. Б. Молдашева
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент.

Тараз қ.



А. К. Алпысбаева
Қазақ технология және бизнес университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент.

Нұр-Сұлтан қ.



Л. В. Олейник
Рудный индустриалдық институты
Қазақстан

аға оқытушы.

Рудный қ.



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің ресми сайты. – Кіру тәртібі: https://www.gov.kz/memleket/entities/

2. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған «Агробизнес–2020» бағдарламасы. – Кіру тәртібі: http://adilet.zan.kz/

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – 2016 ж. – Кіру тәртібі: http://adilet.zan.kz/

4. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері мақаласы. [Электрондық қор]. – Кіру тіртібі: http://sharua.kz

5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министірлігінің ресми сайты. – Кіру тәртібі: https://www.gov.kz/memleket/entities/

6. АӨК-нің мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжіриебесі. [Электрондық қор]. – Кіру тіртібі: http://www.studwood.ru

7. Быстраков Ю. Проблемы эффективности использования природно-ресурсного потенциала АПК. – Ауыл шаруашылығы экономикасы. – 2006. – № 2.

8. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжіриебесі. [Электрондық қор]. – Кіру тіртібі: http://www.kazedu.kz.

9. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар. URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2017-zhylgy-31-kantar

10. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры. Несиелеу бағдарламалары. [Электрондық қор]. – Кіру тәртібі: http://www.kazagro.kz.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тлеубердиева С.С., Молдашева А.Б., Алпысбаева А.К., Олейник Л.В. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімінің экономикалық тетіктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(2):114-120. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-114-120

For citation:


Tleuberdiyeva S.S., Moldasheva A.B., Alpysbayeva A.K., Oleinik L.V. Economic mechanisms of agricultural production growth. Bulletin of "Turan" University. 2021;(2):114-120. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-114-120

Қараулар: 406


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)