Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Компанияның қаржылық жоспарлау жүйесін талдау («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мысалында)

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-149-159

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін қарастыру. Компанияның белсенді және пассивті балансының құрылымы мен динамикасына талдау жасалды. Ұлттық компанияның қызметін реттейтін ресми құжаттар негізінде зерттеу жүргізілді. Статистикалық деректер мен есептілік құжаттарға талдау жасай отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі көрсеткіштеріне жоспарлау әдісін қолдана отырып, қаржылық жоспарлау әдісі арқылы зерттеулер жүргізілді. Көрсеткіштердің жоспарлы және нақты мәндерін талдау компанияда қаржылық жоспарлау мен бюджеттеу жүйесін жетілдіру қажет екенін атап өтті. Мақала соңында қорытындылар жасалды және де компания қызметінің тұрақты дамуы бойынша негізгі мәселелер атап өтілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – қалыптасу және даму тарихы кеңестік кезеңнен басталған көліклогистикалық холдинг. Қайта құрудың және қайта ұйымдастырудың нәтижесінде холдинг қазіргі уақытта теңіз және теміржол тасымалдарын жүзеге асырады, көлік-логистикалық орталықтардың қызметтерін көрсетеді; әуежай, теңіз, автомобиль және теміржол инфрақұрылымы қызметтерін ұсынады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ функцияларына магистральдық теміржол желісінің операторы ретінде қызмет ету, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кіреді. Мақала авторлары қызметтердің негізгі түрлері бойынша көрсеткіштердің тұрақсыз динамикасы компанияның кірісіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Бұрынғыдай негізгі табыс жүк тасымалынан, ең алдымен транзиттік тасымалдан алынады.

Авторлар туралы

Д. М. Туреқулова
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қазақстан

ф.ғд., профессор.

Нұр-Сұлтан қ.



Г. Б. Бермұхамедова
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Қазақстан

PhD.

Ақтау қ.



М. Қ. Жамкеева
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы ЖШС
Қазақстан

PhD, бас сарапшы.

Нұр-Сұлтан қ.



М. Петрова
Кирилл және Мефодий Әулиелер атындағы Велико Тырново университеті
Болгария

PhD, профессор.

Велико Тырново қ.



Әдебиет тізімі

1. Solomakhina E.V. Financial Planning at Russian Enterprises // International Scientific Journal “Innovation Nauka”. – 2018. – No. 6.

2. Droc T.Е. Financial planning and budgeting at the enterprise // Issues of Economics and Management. – 2018. – No. 5.

3. Zhylkina А.N. Financial management. Financial analysis of the enterprise: Textbook. – М.: INFRA-М, 2012.

4. Brusov P.N. Financial management. Financial planning: textbook. Allowance. – М.: KNORUS, 2012.

5. Moszherina Т.G., Talipova А.О., Shestakova I. V. Accounting for deferred tax assets and liabilities by credit organizations in the Russian Federation // Young scientist. – 2016. – No. 18.

6. Sadchikova D. Problems of economic analysis in enterprises // Young scientist.– 2017. – No. 2.

7. Report of JSC “NC “KTZ” for 2020. – Astana, 2021.

8. The carriers planned to introduce a new tariff from April 1. URL: kursiv.kz/news/kompanii/ktzhotkazali-v-povyshenii-tarifa-na-zhd-gruzoperevozki


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Туреқулова Д.М., Бермұхамедова Г.Б., Жамкеева М.Қ., Петрова М. Компанияның қаржылық жоспарлау жүйесін талдау («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мысалында). «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(2):149-159. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-149-159

For citation:


Тurekulova D.M., Bermukhamedova G.B., Zhamkeyeva M.K., Petrova M. Analysis of the financial planning system in the company (on the example of JSC “NC “Kazakhstan Temir Zholy”). Bulletin of "Turan" University. 2021;(2):149-159. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-2-149-159

Қараулар: 807


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)