Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Денсаулық сақтауды дамытудың инновациялық тетіктері мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі ретінде

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-33-39

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі заманғы мемлекеттің әлеуметтік саясаты адамның лайықты өмірін және оның жеке тұлға ретінде еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталуға тиіс. Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің аса маңызды бағыттары адамдардың еңбегін қорғау және денсаулығын жақсарту, еңбекке кепілдік берілген ең төменгі жалақыны қамтамасыз ету, толық жұмыспен қамту, көп балалы отбасыларды, оқушыларды, ана мен баланы, мүгедектер мен зейнеткерлерді мемлекеттік қолдау болуға тиіс. Әлеуметтік саясаттың міндеттері: халықтың табысы мен әлеуметтік қауіпсіздігін арттыру; әлеуметтік-еңбек қатынастарын оңтайландыру; азаматтардың денсаулығынжақсарту; ана мен баланы қорғаужәне отбасын мемлекеттік қолдау. Бұл факторлар денсаулық сақтауды қаржыландыру әдістерін зерттеу мен әзірлеудің өзектілігін анықтайды. Мақалада әлеуметтік сақтандыру мәселелеріне назар аударылады, өйткені ол жалпы сақтандыру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, әлеуметтік сақтандырудың азаматтарды әлеуметтік қорғау талаптарымен анықталатын бірқатар маңызды белгілері бар. Мемлекеттік бюджетпен бірге әлеуметтік сақтандыру қорларында әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге бағытталған қаржы ресурстарының едәуір көлемі жинақталады, бұл осы мақалада көрініс тапты. Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыру тәжірибесінде бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімсіздігіне алып келетін белгілі бір теріс үрдістер қалыптасты, жұмыста оларға баса назар аударылды. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тұрақты қаржылық базасын құру мәселелері жүйеленді.

Авторлар туралы

Д. М. Мухияева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

PhD, қауымдастырылған профессор

Нұр-Сұлтан қ.



В. К. Барабошкин
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

докторант

Нұр-Сұлтан қ.



Cui Zhijian
Қытай ғылым және технология университет
Қытай

бизнес әкімшілік саласы бойынша профессор

Аньхой Провинциясы



Әдебиет тізімі

1. Message of the President of the Republic of Kazakhstan dated by January 31, 2017 “The third modernization of Kazakhstan: global competitiveness”. URL: https://www.akorda.kz.

2. World health organization: online questions and answers. URL: https: //www.mz.gov.kz.

3. Code of the Republic of Kazakhstan dated September 18, 2009. No. 193-IV. “On the health of the people and the health system”. URL: https://online.zakon.kz.doc.

4. Internet resource Of the Committee on statistics of the Republic of Kazakhstan www.stat.gov.kz.

5. Code of the Republic of Kazakhstan dated September 18, 2009. No. 193-IV. “On the health of the people and the health system”. URL: https://online.zakon.kz.doc

6. Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated April 21, 2014. No. 396. “On the Concept of introduction of mandatory social health insurance”. URL: // https:www.akorda.kz

7. Saparova G.T. Compulsory medical insurance in the Republic of Kazakhstan // Bulletin of the Financial University, 2017, no. 2, рр. 145–154.

8. Shopabayeva A.R., Elshibekova K.M., Serikbayeva E.A. Issues of introduction of compulsory social health insurance in Kazakhstan // Bulletin оf KazNMU. 2017, no. 3, рp. 365–368.

9. Duisenova T.K. Social security and social assistance in the Republic of Kazakhstan / Materials of the III International scientific and practical conference “From social protection to social progress”, Astana, 2014, pр. 11–14.

10. Izimbergenova G.N., Gumarova G.Zh. The introduction of compulsory social health insurance in the Republic of Kazakhstan // Medical Journal, 2017, рр. 13–15.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мухияева Д.М., Барабошкин В.К., Zhijian C. Денсаулық сақтауды дамытудың инновациялық тетіктері мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі ретінде. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):33-39. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-33-39

For citation:


Mukhiyayeva D.M., Baraboshkin V.K., Zhijian C. Innovative development mechanisms of health care as a foundation of the social policy of the state. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):33-39. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-33-39

Қараулар: 482


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)