Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстан Республикасының бірыңға й жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын пайдалану мен басқарудың негізгі басымдықтары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-54-61

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде туындайтын аса маңызды мәселелер бойынша қазіргі нарықтық экономикаға сәйкес азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың оңтайлы моделін қалыптастыру, оның теориялық, әдістемелікжәне құқықтық негіздерін нығайту. Қазақстан Республикасы 24 жыл бұрын зейнетақы реформасын бастаған ТМД елдерінің алғашқыларының бірі. Негізгі мақсаты – әрбір қазақстандықтың зейнеткерлік жасқа жеткен кезде өзінің материалдық жағдайы үшін жеке жауапкершілігін белгілеу. Осыған байланысты реформаны іске асыру кезінде мемлекет саясаты ұрпақтар ынтымақтастығы қағидатын қолданудан зейнетақы қорларындағы дербес жинақтарға біртіндеп көшуді көздеді.Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру реформасыоңтайлыжүргізілдіжәнеДүниежүзілік Банк оны ең табысты реформалардың бірі деп таныды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі ел өмірінде, қор нарығын дамытуда және ұлттық экономиканы жетілдіруде, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ішкі жинақтар есебінен ұзақ мерзімді инвестицияларды бөлуде маңызды рөл атқарады. Әлемнің тиімді дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасады. Бұл үшін халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларының аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қорлары одан әрі де дамуы керек, ал зейнетақы жүйесі бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі тірегі – жинақтаушы зейнетақы қорын жетілдіру және болашақ халықтың негізін қалыптастыратын тиімді зейнетақымен қамсыздандыру болып табылады. Қазіргі жаһандану және қаржы нарықтарының қарқынды дамуы жағдайында бірінші орында – қаржы нарығына қатысушы жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы және оның тиімді жұмыс істеуі тұр.

Авторлар туралы

Б. А. Жакупова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Ақтөбе қ.



С. И. Игильманова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

аға оқытушы

Ақтөбе қ.



Н. В. Калюжная
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

аға оқытушы

Ақтөбе қ.



Б. С. Бимбетова
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

аға оқытушы

Ақтөбе қ.



Әдебиет тізімі

1. Constitution оf the Republic of Kazakhstan.

2. Аddress of the president of the Republic of Kazakhstan to the people of Kazakhstan “Strategy Kazakhstan–2050 new political course of the established state” dated December 14, 2012.

3. Law of the Republic of Kazakhstan dated June 21, 2013, no. 105–V on pension provision in the Republic of Kazakhstan.

4. Adambekova A.A. The financial market of Kazakhstan: interaction and prospects for the development of its segments / Monograph / Almaty: Ekonomika, 2012. 286 p.

5. Kulpybaev S., Yntykbaeva S.Zh., Melnikov V.D. Finance: Textbook / Almaty: Economics, 2011. 540 p.

6. Iskakov U.M. Financial markets and intermediaries: textbook / Almaty: Economics, 2012. 344 p.

7. Amanzholov S.A. Оn the issue of the methodology of rating assessment of accumulative pension funds// Economic Review, 2012, no. 1, рр. 52–62.

8. Tashenov B. Appointment of solidarity pensions: an alternative approach. Al Pari, 2012, no.1. 29 p.

9. Pension system. Information review of the RFCA of the Republic of Kazakhstan, Almaty, 2012. 160 p.

10. State of the pension system in Kazakhstan / National Bank of the Republic of Kazakhstan. Economic Review, 2012, no. 2.

11. UAPF official website https://www.enpf.kz/kz/pension-system/world/pensionnye-fondy-v-tsifrakh.php


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Жакупова Б.А., Игильманова С.И., Калюжная Н.В., Бимбетова Б.С. Қазақстан Республикасының бірыңға й жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын пайдалану мен басқарудың негізгі басымдықтары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):54-61. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-54-61

For citation:


Zhakupova B.A., Igilmanova S.I., Kalyuzhnaya N.B., Bimbetova B.S. The main priorities of using and managing the funds of the unified accumulative pension fund of the Republic of Kazakhstan. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):54-61. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-54-61

Қараулар: 463


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)