Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-85-92

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазақстанды негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялар мен техникаларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қажет. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін осы саланың дамуына кедергі болып отырған мәселелерді шешу керек. Мақаланы жазу мақсаты – Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын негіздеу. Біз еліміздің АӨК дамытудың 2021-2025 жж. арналған ҚР АӨК дамытудың ұлттық жобасын орындау шеңберінде шешілуі қажет өзекті мәселелерін келтірдік. Бұл жобаның мақсаты – халықты белгіленген, ғылыми негізделген физиологиялық тұтыну нормасына (ҒНФТН) сәйкес ең қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. ҚР АӨК дамуының негiзгi мәселелері – бұл саланың ауыл шаруашылығы техникасымен және технологиясымен техникалық жарақтануының төмендігі, табиғи ресурстарды, атап айтқанда жердi, суды тиiмсіз пайдалану, ұсақ тауарлық емес шаруашылықтардың көптігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейінің төмендігі, өсірілген өнімді өндіру мен өткізу арасындағы делдалдардың көптігі, ауыл шаруашылығы ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерінің өндіріске енгізілу деңгейінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу деңгейінің төмендігі және т.б. Мақалада инвестиция салу үшін осы саланың тартымсыздығы, еңбек өнімділігінің төмендігі, мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу қажеттілігі, инновациялық технологияларды кеңінен енгізу және т.б. мәселелер қамтылған. ҚР АӨК дамытудың жоғарыда аталған проблемаларын шешу жолдары негізделіп, дәлелденген.

Авторлар туралы

Ү. К. Керімова
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

э.ғ.д., профессор

Алматы қ.



Ғ. С. Қасенбаев
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Қазақстан

докторант

Нұр-Сұлтан қ.



Әдебиет тізімі

1. Токаев К.К. Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны. URL: https://www.akorda.kz

2. Казахстан может увеличить доходы от сельского хозяйства на 6 млрд долл. США. URL: http://finreview.info/ru. (дата обращения: 19.12.2019)

3. Деградация земель в Казахстане: фактор природный и человеческий. URL: https://www.ritmeurasia.org/news. (дата обращения: 07.11.2019)

4. Брекешев С. В Казахстане до 2030 г. площадь орошаемых земель будет доведена до 3 млн га. URL: https://primeminister.kz. (дата обращения: 05.10.2021)

5. Токаев К.К. Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана. URL: https://primeminister.kz.

6. Промышленность Республики Казахстан за 2016–2020 гг. – Нур-Султан. – 2021. – 201 с.

7. Керимова У.К., Мадиев Г.Р., Дарибаева Э.Б., Турекулов С. Методические подходы к организации агрокластеров в Казахстане // Материалы международной научно-практической конференции, 13–14 июня 2019 г., ФГБОУ ВО Воронежский ГАУ. – 2019. – 214 с.

8. Инвестиционная и строительная деятельность в Республике Казахстан за 2016–2020 гг. – Нур-Султан. – 2021. – 198 с.

9. Шкарупа Е.А. Особенности привлечения инвестиций в сельское хозяйство: современное состояние и тенденции развития // Вестник Волгоградского государственного университета. – Серия 3, Экономика. Экология – 2011. – № 2(19). URL: http://www.volsu.ru.

10. Что мешает сельскому хозяйству Казахстана стать драйвером экономики? URL: https://cabar.asia/ru.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Керімова Ү.К., Қасенбаев Ғ.С. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):85-92. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-85-92

For citation:


Kerimova U.K., Kasenbayev G.S. Key problems of agro-industrial development in Kazakhstan and ways to solve them. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):85-92. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-85-92

Қараулар: 7464


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)