Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Қазақстанның ауылдық аймақтарының азық-түлі к нарығының жағдайы, мүмкіндіктері мен резервтері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-93-102

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада республиканың өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін дамытуды мемлекеттік реттеу шараларының жүйесі талданған. Аталған зерттеудің мақсаты-экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің экономикалық құрамдас бөліктерін жүйелеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің тиімділігіне мемлекеттік қолдаудың әсер ету деңгейін бағалау. Авторлар экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін мемлекеттік қолдау тиімділігінің көрсеткіштер жүйесіне, сондай-ақ Қазақстанның ауылдық өңірлерінің азық-түлік нарығын дамыту қорларына бағалау жүргізді. Зерттеу көрсеткендей, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін Қазақстанның халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспортты ұлғайтуға және импортты қысқартуға мүмкіндік беретін айтарлықтай ресурстық әлеуеті (жер, еңбек және материалдық-техникалық) бар. Ол үшін республика өңірлерінің стратегиялық дамуын ескере отырып, ең алдымен экспортқа бағдарланған өнім мен азық-түлікті өндіруді мемлекеттік қаржылық қолдаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. Экономиканың аграрлық секторын өңірлік мемлекеттік қолдау тиімділігінің көрсеткіштері келесі түрде сипатталады: жалпы өндіріспен, түсіммен, пайдамен, рентабельділік деңгейімен, қаржылық тұрақтылығымен, еңбек өнімділігімен. Мемлекеттік қолдау қаражатын бөлудің әдістемелік тәсілдерін қарастыра отырып, агроөнеркәсіптік кешенді бюджетаралық реттеудің үш негізгі бағыты келесі әдісті қолдана отырып болжанады: жан басына шаққандағы, есептік қаржылық алшақтықты жабу, бюджеттік қауіпсіздікті теңестіру.Өсімдік шаруашылығында (гектар бойынша) 1 га егістікке субсидиялау 2018 ж. бастап, ал малдың өнімділігін субсидиялау 2020 ж. бастап тоқтатылды.

Авторлар туралы

А. А. Пягай
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қазақстан

э.ғ.д., профессор

Нұр-Сұлтан қ.



С. С. Шинтаева
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан

докторант

Нұр-Сұлтан қ.



Әдебиет тізімі

1. Akhmetova K.A. et al. Problems of Food Market of Kazakhstan: Solution Approaches // Journal of Applied Economic Sciences. – 2018. – Т. 13. – №. 8.

2. Tokbergenova A., Kiyassova L., Kairova S. Sustainable Development Agriculture in the Republic of Kazakhstan // Polish Journal of Environmental Studies. – 2018. – Т. 27. – № 5.

3. Федорович С.В. и др. Инфраструктурное развитие сельхозпродукции в Республике Казахстан // Экономика региона. – 2019. – Т. 15. – № 2.

4. Таможенный Кодекс Евразийского экономического союза. – М.: ЕЭК, 2017. – 465 с.

5. Закон № 197-VI «О республиканском бюджете Казахстана на 2019-2021 годы». – Астана, 2018. – 62 с.

6. Отчет о реализации Государственной программы развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017–2021 гг. – Астана: МСХ РК, 2020. – 82 с.

7. План мероприятий по реализации Государственной программы развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2017–2021 гг. – Астана: МСХ РК, 2018. – 64 с.

8. Доступность рынков сбыта и развития экспорта. – Астана: МСХ РК, 2019. – 9 с.

9. О региональных особенностях экспорта продукции АПК по итогам 2019 г. – Астана: МСХ РК, 2020. – 65 с.

10. «О согласованных действиях государств-членов Евразийского экономического союза в области развития экспортного потенциала сельскохозяйственной продукции и продовольствия»: рекомендации. – М.: ЕЭК, утв. от 13 декабря 2016 г. – № 30. – 5 с.

11. АПК: новый драйвер экономики: рекомендация. – Астана: МСХ РК, 2019. – 40 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Пягай А.А., Шинтаева С.С. Қазақстанның ауылдық аймақтарының азық-түлі к нарығының жағдайы, мүмкіндіктері мен резервтері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):93-102. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-93-102

For citation:


Pyagay A.A., Shintayeva S.S. Food market’s state, opportunities and reserves of the Kazakhstan rural regions. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):93-102. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-93-102

Қараулар: 393


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)