Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Цифрлық дәуірдегі халықаралық маркетинг парадигмасы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-147-152

Толық мәтін:

Аңдатпа

Экономиканың жаһандану және интернационалдану үдерістері дамыған сайын дәстүрлі маркетингтік стратегиялар біртіндеп артта қалады. Халықаралық маркетингтің жаңа парадигмасын қалыптастыратын цифрлық дәуірдің уақыты келе жатыр. Сонымен бірге, COVID–19 пандемиясының нәтижесінде цифрландыруға көшу үдерістері жеделдеді. Халықаралық маркетингтің жаңа парадигмасы бәсекелестіктің күшеюінен, өнім ассортиментінің жиі өзгеруінен, серіктестікті кеңейту мен ақпараттың асимметриясын төмендету қажеттілігінен көрінеді. Цифрлық дәуірде тұтынушыларды тарту және ұстап қалу үшін табысты компаниялар жаңа стратегияларын жасауға мәжбүр. Big data (Үлкен деректер) және жасанды интеллект сияқты жаңа технологиялар баламаға айналуда. Тұтынушылардың талғамы жарнама түріне қатысты да өзгеруде. Онлайн форматтағы жарнамаға басымдық берілуде. Маркетингтің жаңа парадигмасының негізгі ерекшеліктерін анықтау үшін алдын-ала сапалы қайталама және бастапқы зерттеулер жүргізілді. Қайталама ақпаратты зерделеу үшін SCOPUS, Science Direct және Springer дерекқорларында зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді іздеу жүзеге асырылды, бұл цифрландыру дәуіріндегі халықаралық маркетингтің негізгі даму үрдістерін түсінуге мүмкіндік берді. Бастапқы зерттеулерді жүргізу үшін ашық түрдегі сұрақтардан тұратын сауалнама жасалды. Сауалнама Google Form көмегімен жүргізілді. Сауалнама келесі тақырыптар бойынша төрт бөлімнен тұрды: (I) Жаңа маркетингтік парадигманың көріністері; (II) Цифрландыру жағдайындағы маркетингтік стратегиялар; (III) Big data VS маркетингтік зерттеулер; және (IV) Онлайн-жарнама. Маркетинг саласындағы 12 респондент-мамандарға негізделген ыңғайлылық бойынша іріктеу әлемді цифрландыру жағдайында маркетингтік стратегияларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Авторлар туралы

А. Т. Еримпашева
Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., аға оқытушы

Алматы қ.



Р. Е. Тарақбаева
«Тұран» университеті
Қазақстан

т.ғ.к., доцент

Алматы қ.



С. А. Йолджу
Алматы менеджмент университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Caiazza R., Bigliardi B. Web marketing in agri-food industry: Challenges and opportunities // Trends in Food Science & Technology, 2020, vol. 103, pp. 12–19.

2. Chaffey D., Smith P. eMarketing eXcellence. 1st ed. Amsterdam: Elsevier, 2011.

3. Learn the Definition of Marketing opportunity [online] // THE-DEFINITION.COM. the-definition.com. 2021. URL: https://the-definition.com/term/marketing-opportunity. (accessed: 29. 09. 2021)

4. Patel P., Feng C., Guedes M. Marketing capability and new venture survival: The role of marketing myopia // Industrial Marketing Management, 2021, vol. 93, рp. 307–326.

5. Yerimpasheva A., Balgabayeva Z. Data-driven marketing as a part of a business strategy of Kazakhstani franchise companies. Wiesbaden: Springer Gabler, 2020, рp. 333–347.

6. De Bruyn A. et al. Artificial Intelligence and Marketing: Pitfalls and Opportunities // Journal of Interactive Marketing, 2020, vol. 51, рp. 91–105.

7. Denić N., Radević B., Siljković B. The role of digital marketing in promotion of wine fromap Kosovo and Metohija // Ekonomika poljoprivrede, 2018, vol. 65, nо. 3, pр. 1071–1083.

8. Krafft M., Sajtos L., Haenlein M. Challenges and Opportunities for Marketing Scholars in Times of the Fourth Industrial Revolution // Journal of Interactive Marketing, 2020, vol. 51, рp. 1–8.

9. Villanova D. et al. Retailer Marketing Communications in the Digital Age: Getting the Right Message to the Right Shopper at the Right Time // Journal of Retailing, 2021, vol. 97, nо 1, рp. 116–132.

10. Saheb T., Amini B., Kiaei Alamdari F. Quantitative analysis of the development of digital marketing field: Bibliometric analysis and network mapping // International Journal of Information Management Data Insights, 2021, vol. 1, nо 2, рp. 1–12.

11. Manrai L., Manrai A. Marketing opportunities and challenges in emerging markets in the new millennium: a conceptual framework and analysis // International Business Review, 2001, vol. 10, nо 5, рp. 493–504.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Еримпашева А.Т., Тарақбаева Р.Е., Йолджу С.А. Цифрлық дәуірдегі халықаралық маркетинг парадигмасы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2021;(4):147-152. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-147-152

For citation:


Yerimpasheva A.T., Tarakbaeva R.E., Yolcu S.A. The paradigm of international marketing in the digital age. Bulletin of "Turan" University. 2021;(4):147-152. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-4-147-152

Қараулар: 578


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)