Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

«Востокмашзауыты» АҚ мысалында машина жасау саласы кәсіпорнын басқару стратегиясы

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-138-147

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада «Востокмашзауыт» АҚ мысалында машина жасау саласындағы кәсіпорынды басқару стратегиясының ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеулер нәтижесінде экономиканың жаһандануына байланысты, машина жасау саласындағы бәсекелестік жағдайында кәсіпорынды басқару стратегиясын қалыптастыру және іске асыру қажеттілігі негізделді. Инновациялық технологиялардың шетелдік нарығының машина жасаудың отандық нарығына кіруі машина жасау саласындағы заманауи кәсіпорындардың қызметі мен басқару стратегияларына қолданылатын құралдар мен басқару тәсілдерін қайта қарауды талап етеді. Осыған байланысты, цифрлық технологияларға негізделген инновациялық процестерді ескере отырып, Қазақстан экономикасында машина жасау саласын реттеу және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі негізделеді. Зерттеуді нақтылау үшін машина жасау саласындағы кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ерекшеліктерін көрсететін «Востокмашзауыт» АҚ-ның қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілді. Бұл ретте ағымдағы басқару стратегиясының күшті және әлсіз жақтары төрт интегралды көрсеткіш бойынша бағаланды: ұйым, өндіріс, қаржы және маркетинг, бұл кәсіпорынның мүмкіндіктері мен тәуекелдерін анықтады, оның қысқа мерзімді стратегиялық бағыттары анықталып, негізделді. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті шараларды саралау мақсатында зерттелетін объектінің күшті және әлсіз жақтары кәсіпорынның мүмкіндіктерімен салыстырылды. Стратегиялық басқарудың тиімділігін анықтау үшін кәсіпорынды жаңа техникамен қамтамасыз ету бойынша инновациялық жобаның жұмысында ұсынылған өтелу мерзімі, таза дисконтталған кіріс және рентабельділік индекстері және оның COVID–19 нәтижесінде енгізілген шектеулер жағдайында стратегиялық басқаруға әсері есептелді. Зерттеу нәтижелері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерін дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Авторлар туралы

Н. Н. Нурмухаметов
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Нұр-Сұлтан қ.



К. Т. Ауезова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қазақстан

т.ғ.к., доцент м.а.

Нұр-Сұлтан қ.



Е. К. Барлықов
«Тұран-Астана» университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент м.а.

Нұр-Сұлтан қ.



Әдебиет тізімі

1. Томпсон А.А., Стрикленд А. Дж. Стратегический менеджмент. Искусство разработки и реализации стратегии: Учебник для вузов / Пер. с англ. под ред. Л.Г. Зайцева, М.И. Соколовой. – М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 576 с.

2. Савельев В.А. Машиностроение в эпоху «Индустрии 4.0» / В.А. Савельев, научный руководитель, кандидат педагогических наук, доцент А.Р. Сафиуллина // Студент – науке будущего: тезисы докладов студенческой научно-технической конференции (апр.). – Ульяновск, 2020, С. 9–10.

3. Бердалиев К. Стратегиялық менеджмент / Учебник. – Алматы, 2011. – 312 с.

4. Әбдірасылова Ә.Е., Билолова А.М., Таспенова Г.А. Особенности казахстанского менеджмента. – 2014. URL: http://www.rusnauka.com/40_OINBG_2014/Economics/6_182992.doc.htm (дата обращения: 10.04.2016)

5. Антонова Н.С. Командный менеджмент в эпоху перемен. Как командные эффекты способствуют устойчивости и развитию бизнеса // Стратегический менеджмент. – 2021. – № 2. – С. 80–85. URL: https://grebennikon.ru/article

6. Цифровое производство в России: мнение профессионалов / INTEGRAL URL: http://integralrussia.ru/2017/05/20/tsifrovoe-proizvodstvo-v-rossii-mnenieprofessionalov/ (дата обращения: 05.08.2020)

7. АгафоновВ.А.Стратегический менеджмент. Модели и процедуры: Монография /В.А. Агафонов. – М.: Инфра-М, 2019. – 350 c.

8. Закирова Д. Человеческий потенциал как фактор инновационного развития. – Вестник университета «Туран». – 2019. – № 2(82). – С. 102–106.

9. Комплексный план развития машиностроения Республики Казахстан на 2019–2030 годы. URL: https://smkz.kz/img/kompl-plan-proekt2018.pdf

10. Развитие машиностроения Казахстана в условиях новой реальности. URL: https://www.nur.kz/politics/kazakhstan-economy


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Нурмухаметов Н.Н., Ауезова К.Т., Барлықов Е.К. «Востокмашзауыты» АҚ мысалында машина жасау саласы кәсіпорнын басқару стратегиясы. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(1):138-147. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-138-147

For citation:


Nurmukhametov N.N., Auyezova K.T., Barlykov Y.K. Management strategy of the machine-building industry enterprise on the example of JSC “Vostokmashzavod”. Bulletin of "Turan" University. 2022;(1):138-147. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-138-147

Қараулар: 354


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)