Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Бухгалтерлік есепте биологиялық активтерді есепке алу ерекшеліктері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-148-154

Толық мәтін:

Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласының, оның ішінде биологиялық активтердің бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласында жоғары әлеуетке ие, өйткені тиісті табиғи-климаттық жағдайлары және мал шаруашылығының табысты дамуына ықпал ететін бай жайылымдық алқаптары бар. Сондықтан ауылшаруашылық өндірісін есепке алудың ерекшеліктері – өсіру процесінде табында үнемі өзгерістер болатындығында. Мал басының өсу динамикасын бастапқы деп анықтауға болатын арнайы құжаттарда көрсетеді. Олардың ерекшелігі – жануарлар түрінде өндіріс факторлары мен құралдарының қозғалысын көрсетуге бағытталған белгілі бір нысанда жасалады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының басты міндеттерінің бірі – мал шаруашылығы саласын дамыту. Мал шаруашылығы халықты ет, сүт, жұмыртқа сияқты жоғары құнды азық-түлікпен қамтамасыз етеді; өнеркәсіп жүн, тері, елтірі, қой терісі, мамықты пайдаланады; фармацевтикалық өндірісте жануарлардың қаны сұранысқа ие; техникалық мақсаттарда желім, пластмасса, альбуминді өңдеуге арналған өнімдер пайдаланылады. Эндокриндік бездерден гармондары бар белсенді дәрі-дәрмектер жасалады. Мүйіздер әртүрлі өнімдерге, ал сүйектер сүйектен тағам дайындауға арналған, ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы жануарлар еңбек құралдары мен еңбек объектілері ретінде әрекет етеді. Мал щаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюы, өзіндік құнның төмендеуі және оны өндірудің табыстылық деңгейінің артуы – өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдірумен, табынның тұқымдық және жас құрамын жақсартумен, мал басын сақтаумен және барлық қаражатты тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Демек, ауылшаруашылық өндірісінің жоғары деңгейі елдің экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Авторлар туралы

А. Р. Кобенова
«Financial Services Group» ЖШС
Қазақстан

қызметкер

Нұр-Сұлтан қ.



С. А. Файзуллина
«Тұран» университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



М. А. Канабекова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. 41 қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты, 2021 ж. URL: https://online.zakon.kz/

2. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы. ҚР-ның 2007 жылғы № 234 заңы (2021 ж. 06.07 берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). URL: https://adilet.zan.kz/kaz

3. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 877 бұйрығы. URL: https://adilet.zan.kz/

4. Назарова В.Л. Учет в сельском хозяйстве: животноводство. – Экономика. – 2016. – 232 б.

5. Красота В.Ф., Джапаридзе Т.Г. Разведение сельскохозяйственных животных: учебник для вузов. – М.: ВНИИплем, 2016. – 386 с.

6. Береза А.О. Оценка биологических активов по справедливой стоимости. Мир новой экономики. – 2019. – № 13(3). – С. 59–70. URL: https://doi.org/

7. Байгазина С. Оприходование биологических активов. – 2021. URL: https://uchet.kz/

8. Шутова И.С. Бухгалтерский (управленческий) учет в сельском хозяйстве: учебное пособие / И.С. Шутова, Г.М. Лисович. – М.: Вузовский учебник, 2018. – 64 б.

9. Путеводитель бухгалтера. Электронный журнал. – Алматы, ЦДБ, 2020. URL: https://uchet.kz/

10. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 30.04.2019 жылғы № 543543/1 «Биологиялық активтердің амортизациясы (ірі қара мал) немесе әділ құны бойынша бағалау және есепті кезеңнің соңына қайта бағалау». – 2019. URL: https://uchet.kz/


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кобенова А.Р., Файзуллина С.А., Канабекова М.А. Бухгалтерлік есепте биологиялық активтерді есепке алу ерекшеліктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(1):148-154. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-148-154

For citation:


Kobenova A.R., Faizullina S.А., Kanabekova M.A. Features of biological assets accounting. Bulletin of "Turan" University. 2022;(1):148-154. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-148-154

Қараулар: 677


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)