Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-238-249
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуді дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін зерттеу және әзірлеу нәтижелерін баяндау. Дамыған экономиканы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтудан бөлек қарастыру мүмкін емес, бұл елдің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің қаржылық жағдайын жақсартуға да қабілетті. Осыған орай, Қазақстанда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жж. арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2025 ж. дейінгі Ұлттық жоспар бекітілді. Мақалада ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмыспен қамту деңгейін дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді талдау негізінде осы тұлғаларды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін енгізу қажеттілігі негізделді. Республикадағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтудың төмен деңгейінің негізгі мәселесі анықталды, ол құрылымдық кедергілердің болуы, ең алдымен инфрақұрылымның қолжетімсіздігі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі. Біз ұсынып отырған механизмнің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және олардың әлеуметтік жәрдемақыларға тәуелділігін азайту.
Авторлар туралы
З. Т. МышбаеваҚазақстан
докторант
Алматы қ.
Т. С. Сокира
Қазақстан
э.ғ.к., профессор м.а.
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Фрумкин Б.И., Якубович И.Г. Правильное использование труда инвалидов и охрана их здоровья. (Методика и практика работы). – Москва, 1936. – 75 с.
2. Mont D. Disability Employment Policy. GLADNET Collection. 2004.
3. Li B., Fisher KR., Farrant FQ., Cheng Z. Digital policy to disability employment? // An ecosystem perspective on China and Australia. Social Policy and administration. 2020. P. 1–16. URL: https://doi.org/10.1111/spol.12666
4. Irmgard Borghouts-van de Pas, Charissa Freese. Offering jobs to persons with disabilities: A Dutch employers’ perspective // Alter. 2021. No. 1. P. 89-98. doi: 10.1016/j.alter.2020.10.002.
5. Naukenova A. Kazakhstan’s and developed countries’ experience in reforming social policy on employment of people with disabilities // Economics & sociology. 2015. No. 8. P. 287–297. doi: 10.14254/2071-789X.2015/8-1/22.
6. Статистика министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. – 2020. URL: http://enbek.gov.kz/ru/node/359322
7. Официальный сайт бюро национальной статистики Агенства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. – 2020. URL: https://stat.gov.kz/
8. Комитет транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru
9. Отчет по результатам маркетигового исследования «Открытие реабилитационного центра в республике Казахстан». Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен». – 2018 г. URL: https://atameken.kz/uploads/content/files
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Мышбаева З.Т., Сокира Т.С. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(1):238-249. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-238-249
For citation:
Myshbayeva Z.T., Sokira T.S. Organizational and economic mechanism of state regulation of employment of persons with special needs. Bulletin of "Turan" University. 2022;(1):238-249. (In Russ.) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-1-238-249