Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Пандемиядан кейінгі кезеңдегі урбанизацияның жаңа формалары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-11-17

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы урбанизацияның қазіргі жағдайы қарастырылып, әлемде және Қазақстан Республикасындағы урбанизацияның постпандемиядан кейінгі кезеңдегі негізгі даму тенденциялары зерттелген. Мақаланың мақсаты – пандемиядан кейінгі кезеңдегі урбанизация процестерінің жаңа формаларын зерттеу. Қазақстан Республикасындағы және дүние жүзіндегі урбанизация процестерін зерттеу кезінде экономикалық зерттеудің келесі әдістерінің кешені пайдаланылды: монографиялық, бағдарламалық-мақсаттық, логикалық. Зерттеу жұмысында салыстыру мен жалпылау, ғылыми абстракция және синтез сияқты теориялық зерттеу әдістері де қолданылды. Короновируспен күресу үшін елдердің үкіметтері қабылдаған карантиндік шаралардың жағымсыз салдары елдер мен аймақтардың экономикалық дамуына, сәйкесінше қалалар мен елді мекендердің дамуына, яғни урбанизация процестеріне тікелей әсер етеді. Мақалада мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың 2020, 2021 және 2022 жж. арналған Қазақстан халқына Жолдауларындағы өңірлік саясаттың түрлі мәселелерін шешу, әкімшілік-аумақтық реформа және елдің урбанизациясын дамытуға қатысты тапсырмалары мен жарлықтары атап көрсетілген. Сондай-ақ, урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқындарын» кезең-кезеңімен қамтамасыз етуге, ірі қалалардағы толып кетуді және әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік беретін өңірлік және аумақтық дамуға жаңа көзқарас туралы атап өтілді. Әкімшілікаумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін оңтайландырып, азаматтардың облыс орталығына және кері қатынауын жеңілдетеді, ішкі көші-қонды тиімді реттеуге ықпал етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің осы бастамалары мен ұсыныстарының барлығы жақын арада қалалардың – жаңа облыс орталықтарының дамуына күшті серпін береді, олардың экономикасы мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтады, бұл өз кезегінде Қазақстандағы урбанизацияның жақсы қарқынын қамтамасыз етеді.

Авторлар туралы

Г. Ж. Сейтхамзина
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



Э. Х. Ахатова
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., доцент

Алматы қ.



С. Е. Велесько
Қолданбалы ғылымдар университеті
Германия

профессор

Миттвайда қ.



Әдебиет тізімі

1. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 1 сентября 2021 года «Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны». URL: https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-183048

2. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 1 сентября 2020 года. URL: https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1-sentyabrya-2020-g

3. Доклад о состоянии городов мира 2020. Ценность устойчивой урбанизации. ООН / Хабитат.

4. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации» от 16 марта 2022 года. URL: https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1623953

5. Каратаева Л. Урбанизация в Казахстане: прогрессивное развитие // Обзорно-аналитический портал Strategy2050. URL: https://strategy2050.kz/ru/news/urbanizatsiya-v-kazakhstane-progressivnoe-razvitie/

6. Урбанизация в Центральной Азии: вызовы, проблемы и перспективы // Аналитический доклад 2013/03/ Центр экономических исследований ООН. – Ташкент, 2013.

7. Рopulation of the USSR. All-Union Population Census of 1979. M., 1984.

8. Population of the USSR. All-Union Population Census of 1989. M., 1990.

9. Statistical collections of the Bureau of National Statistics of the Agency for Strategic Planning and Reforms of the Republic of Kazakhstan.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейтхамзина Г.Ж., Ахатова Э.Х., Велесько С.Е. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі урбанизацияның жаңа формалары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(2):11-17. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-11-17

For citation:


Seitkhamzina G.Zh., Akhatova E.Kh., Velesko S.Y. New forms of urbanization in the post-pandemic period. Bulletin of "Turan" University. 2022;(2):11-17. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-11-17

Қараулар: 489


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)