Қазақстан республикасының цифрлық төлем жүйесі: тәуекелдер мен перспективалар
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-58-63
Аңдатпа
Төлем жүйелерінің дамуы – оның барлық элементтері мен процестерін жаңартуды және өзектендіруді қамтитын үздіксіз процесс. Бұл мақалада авторлар Қазақстан Республикасының төлем жүйесін цифрландыру мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сандық валютасын құру және енгізу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шара Қазақстанға крипто-технологиялар мен сандық активтерді пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне қосылуға мүмкіндік береді. Негізгі міндет – Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер шеңберінде мұны бірінші болып жасау болып табылады. Сандық ақшаның тарихы ин тернетті ойлап табудан басталды. Алғашқы күндері халықты сандық ақшаны пайдалануға дағдыландыру қиын болды. Алайда, адамдар технологияға үйреніп, сандық технологиялардың өздері қауіпсіз және сенімді бола бастағанда, көптеген пайдаланушылар сандық ақшаны пайдалануды таңдауға дайын. Зерттеу аясында авторлар сандық валюталарды құру мен енгізудің шетелдік тәжірибесін талдап, осы шараның ықтимал қауіптері мен перспективаларын бағалады. Айта кету керек, Қазақстан 2020 ж. алғаш рет Киберқауіпсіздік бойынша әлем елдерінің рейтингіне кірді. Төлем жүйесін, атап айтқанда, төлем технологияларын цифрландыру жөніндегі бастама Киберқауіпсіздіктің тиімді стратегиясына үлкен рөл береді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық төлем жүйесін дамытудың 2025 ж. дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде «сандық теңге» пилоттық жобасын енгізді. Авторлар сандық теңгенің Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының өзге нысандарынан ерекшелігі мен негізгі айырмашылықтарына салыстырмалы талдау жүргізді.
Авторлар туралы
А. Б. АманғожаеваҚазақстан
э.ғ.м., сениор-лектор
Алматы қ.
М. А. Маркелова
Қазақстан
э.ғ.м., сениор-лектор
Алматы қ.
И. В. Селезнёва
Қазақстан
э.ғ.д, профессор
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Research program of the National Bank of the Republic of Kazakhstan. Official website of the National Bank of the Republic of Kazakhstan. URL: https://nationalbank.kz/ru/news/smi-o-nas/10689 (date of application: 10.10.2021)
2. Rise of the central bank digital currencies: drivers, approaches and technologies. URL: https://www.bis.org/publ/work880.htm (date of application: 10.10.2021)
3. Digital Tenge (pilot project). Official website of the National Bank of the Republic of Kazakhstan. URL: https://nationalbank.kz/ru/page/cifrovoy-tenge-pilotnyy-proekt (date of application: 10.10.2021)
4. Why Tenge needs a digital “double”? // Kapital information and analytical portal.kz. URL: https://kapital.kz/tehnology/87809/zachem-tenge-nuzhen-tsifrovoy-dvoynik.html (date of application: 10.10.2021)
5. Digital money: investments at your own risk. Official website of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Regulation and Development of the Financial Market. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/34672?lang=ru (date of application: 10.10.2021)
6. Auer R., Cornelli G., Frost J. Rise of the central bank digital currencies: drivers, approaches and technologies // BIS working paper, no. 880, August 2020.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Аманғожаева А.Б., Маркелова М.А., Селезнёва И.В. Қазақстан республикасының цифрлық төлем жүйесі: тәуекелдер мен перспективалар. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(2):58-63. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-58-63
For citation:
Amangozhayeva A.B., Markelova M.A., Selezneva I.V. Digital payment system of the Republic of Kazakhstan: risks and prospects. Bulletin of "Turan" University. 2022;(2):58-63. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-58-63