Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Компанияда қаржылық тәуекелдің алдын алу және оны басқаруды жетілдіру жолдары

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-82-88

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – компанияда қаржылық тәуекелдің алдын алу және оны басқаруды жетілдіру жолдарын айқындау. Тәуекел – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің кез келген саласында көрінетін және тәуекелдің туындауы кезінде кәсіпорын экономикалық залал немесе басқа да шығынға ұшырайтын келеңсіз оқиғаның туындауымен сипатталатын объективті жағдай. Әрбір кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты болып келеді, әсіресе компания үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары. Компания табыс табу мақсатында әр түрлі салада қызмет атқарады. Ол қызметтің әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі және компанияның қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы тиіс. Осы мақсаттарға жету үшін компания тарапынан тәуекелдерді басқару саясаты қалыптасады. Нарықтық жағдайда компаниядағы тәуекелдер жоғары деңгейде болады, ол компанияда қосымша капиталды қажет етеді. Мақаланың негізгі міндеті – компанияның табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалар дың болу ықтималдығын есептеу. Тәуекел қолайсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқи ғалар: табыстардың төмендеуі, берілген несиелердің мерзімінде қайтарылмауына байланысты шығындардың артуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және т.б. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген компания өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады. Қаржылық тәуекелдерді басқаруға байланысты компаниялар тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер: әртараптандыру, нәти желер туралы қосымша ақпарат алу, шектеу, сақтандыру, хеджирлеу, сапаны басқару.

Авторлар туралы

Г. Н. Аппакова
Нархоз университеті
Қазақстан

PhD, профессор

Алматы қ.



Е. Б. Бахыт
әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

PhD, доцент

Алматы қ.



Ү. С. Есайдар
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

э.ғ.к., профессор

Алматы қ.



М. Т. Сырлыбаева
Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

аға оқытушы

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Polyak G.B. Financial Management. 2nd ed. amend. M: UNITY-DANA, 2010, 156 p.

2. Gradov A.P. et. Anti-Crisis Management Strategy and Tactics of the Firm. SPB: Special Literature, 2004, 181 p.

3. Kaderova N.N. Corporate Finance. Еducational guidance-Almaty: Economy, 2008, 376 p.

4. Duysenbayev K.Sh., Tolegenov E.T., Zhumagaliyeva Zh.G. Analysis of the Enterprise Financial Position/training manual. Almaty: Economy, 2001, 340 p.

5. Demesinov T.Zh. Financial Analysis. Textbook. Almaty, “Dauir” LLP, 2011, 320 p.

6. Balabanov I.T. Analysis and Planning of Economic Entity Finances: textbook, educational guidance. Moscow: Finance and Statistics, 2006.

7. Sheremet A.D., Saifullin R.S. Financial Analysis Methodology. M.: INFRA-M., 2002, 176 p.

8. Dontsova L.V. Analysis of Financial Reporting: textbook. 4th ed. M: Business and Service (rus. “Delo i Servis”), 2011, 145 p.

9. Mikhel E.E., Rakhimbayev A.B., Begilbayev A.K. Corporate Finance. Educational guidance. Almaty, 2010, 340 p.

10. Blank I.A. Strategy and Tactics of Financial Management. Kyiv: ITEMltd, ADEF-Ukraine, 1996, 314 p.

11. Madiyarova E.S., Suyeubaeva S.N. Financial Management: textbook. Almaty: Economy, 2009, 262 p.

12. Selezneva N.N. Financial Analysis. Financial Management: educational guidance. 2nd ed. M: UNITY, 2011, 412 p.

13. Gavrilova A.N. Financial Management: educational guidance. Moscow, 2012, 119 p.

14. Umbetaliyev A.D., Kerimbek G.E., Satymbekova K.B. Enterprise Economics: textbook. Almaty: Fortune-polygraph, 2021, 372 p.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Аппакова Г.Н., Бахыт Е.Б., Есайдар Ү.С., Сырлыбаева М.Т. Компанияда қаржылық тәуекелдің алдын алу және оны басқаруды жетілдіру жолдары. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(2):82-88. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-82-88

For citation:


Appakova G.N., Bakhyt Y.B., Yessaidar U.S., Syrlybayeva M.T. Ways to prevent financial risks of the company and to improve their management. Bulletin of "Turan" University. 2022;(2):82-88. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-82-88

Қараулар: 590


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)