Preview

«Тұран» университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Акционерлік нысандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-136-142

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада елімізде кәсіпкерліктің ұйымдық ерекшеліктері: акционерлік қоғамдар қарастырылған. Акционерлік қоғамдарға қатысты негізгі заңдар мен заңнамалық құжаттарды негізге ала отырып, акционерлік нысандағы кәсіпорынды ашу, қызметін ұтымды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелер жүйеленген. Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен тиімді жұмыс жасауына қажетті алғышарттар ашылып жазылған. Акционерлік қоғамның қызметінде акциялардың рөлі, негізгі түрлері, ерекшеліктері мен айырмашылықтары, жарғылық капиталының қалыптасуы қарастырылған. Сонымен қатар акционерлік қоғамның негізгі құрылтай құжаттары, басқару органдары, тарату және қайта ұйымдастыру жағдайлары да жан-жақты зерттелген. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының ерекше бір түрі ретінде қарастырылып, оның қор нарығымен өзара байланысы анықталған. Акционерлік қоғамдардың негізгі артықшылықтары айқындалып, ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлі бойынша тұжырымдар жасалған. Акционерлік қоғамдардың экономиканы дамытудағы рөлі нақты деректермен негізделген. Елімізде кәсіпкерлікті дамытуда акционерлік нысанның маңызы, қажеттілігі қарастырылған. Акционерлік қоғамдардың басқа ұйымдық нысандармен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып даму жолындағы кедергілер айқындалған. Қазақстанда қор нарығының қажетті деңгейде дамымауы акционерлік қоғамдар қызметіне айтарлықтай әсер еткен. Сондықтан қор нарығын дамыту, акционерлік қоғамдардың инвестициялық тартымдылығын, акцияларының өтімділігі мен нарықтық құнын арттыру басты мәселелердің бірі болып табылады.

Авторлар туралы

Р. Қ. Елшібаев
Нархоз университеті
Қазақстан

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Алматы қ.



А. М. Джусупова
«Тұран» университеті
Қазақстан

докторант

Алматы қ.



Н. Е. Абдильдинова
Esil University
Қазақстан

PhD докторы

Нұр-Сұлтан қ.



Д. Серафимова
Экономикалық университет – Варна
Болгария

PhD

Варна қ.



Әдебиет тізімі

1. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 01.09.2021 ж. URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynkazakstan-halkyna-zholdauy-183555

2. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңы (2021.02.01 берілген өзгерістер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51039594

3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі: 2021 жылғы 1 ақпанға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында. URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

4. Функ Я.И. Акционерное общества: история и теория. – Минск, 2019. – 156 с.

5. Карагусов Ф. О статусе акционерных обществ и правовом институте ценных бумаг в новейшем законодательстве Республики Казахстан // Предприниматель и право. – 2013. – № 13–14 – C. 25–30.

6. Кунсеркин Ж. Порядок и условия совершения крупных сделок акционерными компаниями // Предприниматель и право. – 2018. – № 9 – C. 2–36.

7. Берзон Н.И., Ковалев А.П. Акционерное общество: капитал, правовая база, управление: практ. пособие для экономистов и менеджеров. – М.: Финстатинформ, 2005. – 156 с.

8. Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства. – Алматы: Баспа, 1997. – С. 80–89.

9. Иванов А.И. Акционерное общество: теория и практика. М.: Инфра-М, 2020.

10. Управление и корпоративный контроль в акционерном обществе / Под ред. Е.Г. Петрова. – М.: Юристь, 2017.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Елшібаев Р.Қ., Джусупова А.М., Абдильдинова Н.Е., Серафимова Д. Акционерлік нысандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2022;(2):136-142. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-136-142

For citation:


Yelshibayev R.K., Dzhussupova A.M., Abdildinova N.E., Serafimova D. Features of the organization of the joint-stock entrepreneurship. Bulletin of "Turan" University. 2022;(2):136-142. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2022-1-2-136-142

Қараулар: 542


ISSN 1562-2959 (Print)
ISSN 2959-1236 (Online)