Суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану
https://doi.org/10.46914/1562-2959-2023-1-3-217-229
Аңдатпа
Мақалада ауыл шаруашылық дақылдарын суару жүйесінде инновациялық және ресурс үнемдеуші технологияларды тәжірибеде кеңінен қолданудың маңыздылығы қарастырылады. Елімізде су шаруашылығында орын алған жағдай мемлекетте қазіргі таңда жүргізіліп отырған саясатты қайта қарауды және өзгертуді талап етеді. Себебі, елімізде ауыл шаруашылығын басқарудың экономикалық және климаттық өзгерістерге бейімделу үрдісі қиындықтармен жүзеге асырылуда. Сондықтан су шаруашылығы саласын басқару мен бақылауда кемшіліктер көп, сондай-ақ суды пайдаланушы тараптар өз кезегінде суармалы суды тиімді де ұтымды пайдалануға мүдделі емес. Ал гидротехникалық ғимараттар мен желілердің техникалық жағдайының төмендеуі салдарынан суармалы жерлердің көптеген алаңдары істен шығып, жарамсыз болып қалуда. Су шаруашылығындағы туындаған мәселелер ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары шығындарға әкеледі. Сондықтан жер және су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселесіне жататындығы анықталды. Себебі, кез-келген мемлекеттің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі және оның халқының өмір сүру деңгейі осы факторлармен тікелей байланысты. Мәселені шешу мақсатында қолда бар басты ресурстар, яғни жер және су ресурстарын максималды өнімділікпен және тиімділікпен пайдалану, ауылшаруашылығында суармалы жерлерді ұлғайту және суармалы суды үнемдеу жолдары ұсынылды. Суарудың жалпы шығындарының тиімділік көрсеткіштеріне әсер етуші факторларды талдау мақсатында мақта өнімділігінің пайдалылығына корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді.
Авторлар туралы
Г. О. БайдаулетоваҚазақстан
Докторант.
Шымкент қ.
А. Е. Есболова
Қазақстан
PhD, доцент.
Шымкент қ.
Е. Де Ла Поза
Испания
PhD.
Валенсия қ.
Әдебиет тізімі
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы, 01.09.2019 ж. URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy
2. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 200 қаулысы.
3. Есполов Т.И., Мусаева М. Водные ресурсы и устойчивость развития орошаемого земледелия в Казахстане // Ізденістер, нәтижелер. – Алматы, 2012.
4. Ерниязова Ж.Н., Калмакова Ж.А., Утегенова К.А. Вопросы повышения эффективности функциониования водохозяйственной сферы // Успехи современного естествознания. 2014. – № 9. – С. 148–152.
5. Медеу А.Р., Мальковский И.М., Толеубаева Л.С. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. – Алматы: ЭБС «ЦентрАзия», 2016. –94 с. URL: https://ingeo.kz/?p=5127
6. Гричаная Т.С. Технология капельного орошения при возделывании лука репчатого на юге Казахстана // Пути повышения эффективности орошаемого земледелия. – 2015. – № 3(59). – С. 164–167.
7. Koech R., Langat P. Improving Irrigation Water Use Efficiency: A Review of Advances, Challenges and Opportunities in the Australian Context // Water. 2018. No. 10(12). P. 1771. URL: https://doi.org/10.3390/w10121771
8. Abdelrahman Ali, Chunping Xia, Cheng Jia, Muhammad Faisal. Investment profitability and economic efficiency of the drip irrigation system: Evidence from Egypt. 28 August 2020. URL: https://doi.org/10.1002/ird.2511
9. Maria do Rosário Cameira, Luís Santos Pereira. Innovation Issues in Water, Agriculture and Food. Water Editorial. Published: 12 June 2019. URL: https://www.repository.utl.pt/bitstream/10400.5/18179/1/REPLEAF-water-11-01230-v2%20%281%29.pd
10. Mohamed M. Blango, Richard A.C. Cooke, Juana P. Moiwo, Patrick A. Sawyerr, Emmanuel Kangoma. Rainwater harvesting for supplemental irrigation under tropical inland valley swamp conditions // First published: 14 July 2020. URL: https://doi.org/10.1002/ird.2496
11. David Zilberman, Leslie Lipper, Nancy McCarthy, Ben Gordon. Innovation in Response to Climate Change. First Online: 21 October 2017. URL: https://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-319-61194-5_4
12. Narinbaeva G., Menglikulov B., Siddikov Z., Bustonov K., Davlatov S. Application of innovative technologies in agriculture of Uzbekistan. URL: https://www.e3s-conferences.org/articles/e3sconf/pdf/2021/60/e3sconf_tpacee2021_02009.pdf
13. URL: https://kapital.kz/gosudarstvo/89432/kak-v-rk-uvelichivayut-ploshchad-oroshayemykh-zemel.html
14. Andres Martinez de Azagra Paredes, Jorge Del Rio san Jose, Jose Reque Kilchenman. Methods for Watering Seedlings in Arid Zones // Forests 2021. URL: https://doi.org/10.3390/f13020351
15. Түркістан облысының аудандары бойынша 2017–2021 жылдардағы тамшылатып суару әдісін енгізу бойынша «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ есептері.
16. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Байдаулетова Г.О., Есболова А.Е., Де Ла Поза Е. Суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану. «Тұран» университетінің хабаршысы. 2023;(3):217-229. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2023-1-3-217-229
For citation:
Baidauletova G.O., Yesbolova A.Y., De La Poza E. Application of innovative technologies in increasing the efficiency of irrigated land use. Bulletin of "Turan" University. 2023;(3):217-229. (In Kazakh) https://doi.org/10.46914/1562-2959-2023-1-3-217-229